Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Ізденген жетер мұратқа

Ізденген жетер мұратқа

15.06.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 184
Комментариев: 0

Ізденген жетер мұратқа

Бірлестікте білімді мен білікті жастардың өніп-өсуіне барлық жағдайлар жасалған. Бүгінгі кейіпкеріміз Асхат Азатаев осындай жастардың бірі. 2017 жылы Рудный индустриялық институтын «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған жас жігіт еңбек жолын ЭКГ экскаваторының машинист көмекшісі болып бастап, небәрі үш жылдың ішінде тау-кен шеберіне дейін көтеріліпті.


 Асхат Азатаев қазіргі уақытта Қашар тау-кен өндіру кешінінің Шығыс бағытындағы тау-кен тиеу учаскесінде еңбек етіп жатыр. Кейіпкеріміздің негізгі міндеті материалдық және қаржылық шығындарды азайта отырып, тау-кен жұмыстарының жоспарын орындап, өндіріс көлемін ұлғайту. Мұндай жауапты іс жас маманға оның білімі мен біліктілігінің арқасында сеніп тапсырылған. 2017 жылы Асхат өңірдегі техникалық мамандарды дайындайтын беделді оқу орындарының бірі – Рудный индустриялық институтын «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша бітірген. Білім ордасындағы жоғарғы курстарда оқып жүрген кезінде дәл осы Қашар тау-кен өндіру кешенінде практикадан өтіп, тәжірибелі мамандардан ауыр техникамен жұмыс істеудің қыр-сырын үйренген. Оқуда озат болған жігіт қолына дипломын алғаннан кейін көп ойланбай «ССКӨБ» АҚ-да еңбек етуді қалапты. Өйткені Асхаттың әкесі де көп жылдар бойы кен алыбында жұмыс істеп келеді екен.

– Кешенге экскаватор машинисінің көмекшісі болып келдім. Осы учаскеде ЭКГ-15 экскаваторларында жұмыс істедім. Кейінірек жоғары білімнің арқасында негізгі өндіріс бригадирінің міндетін атқарып жүрдім. Жұмыстың қыр-сырын тез үйреніп алғандықтан, басшылық маған осы учаскенің тау-кен шебері болу міндетін сеніп тапсырды, – дейді Асхат Ақылбекұлы.

Тау-кен шеберінің күнделікті еңбек міндеттеріне сондай-ақ кенді тиеу учаскесіндегі экскаваторлардың да жұмысын бақылау кіреді. Оның айтуынша қазіргі уақытта бұл учаскеде 10 экскаватор жұмыс істеп тұр. Осындай алып техникаларда ауысым сайын жұмысшылардың 10 бригадасы еңбек етеді екен. Күнделікті еңбек міндеттерінен бөлек кейіпкеріміз бірлестікте ұйымдастырылып тұратын «Идеялар фабрикасына» өндірісті ұлғайтып, шығын көлемін азайтуға септігін тигізетін идеяларын да жиі ұсынып тұратынын да айтты. Сонымен қатар бірлестіктің белсенді жұмысшыларына арналған әртүрлі бағдарламаларға да қатысады екен.

– Бірлестікте ұйымдастырылған «Көшбасшылар мектебіне» қатысып, бригадирлер курсында білім алдым. Сондай-ақ Рудный қаласындағы Кадрларды даярлау орталығында өткен «Шеберлер мектебіне» де қатыстым. Негізгі өндіріс бригадирі болып жүргенімде менің тікелей басшылығым мені осындай оқуға жиі жіберіп тұрды. Павлодар қаласында өткен «Шеберлер елі» атты сайысқа да қатыстым. Мұндай шаралар менің көшбасшылық қырларымды ашып, басқа кәсіпорындарда еңбек ететін адамдармен танысып, олармен тәжірибе алмасу мүмкіндігін берді, – дейді «ССКӨБ» АҚ кен тиеу учаскесінің тау-кен шебері Асхат Азатаев.

Кейіпкеріміз еңбек ететін учаскеде «ERG Way» өндірістік жүйесі бойынша жұмыс нәтижесін, өндіріс көрсеткіштерін бейнелейтін арнайы ақпараттық тақталары да қойылыпты. Жас маманның айтуынша бұл тақталар жұмысты ұйымдастыру процесін әлдеқайда оңтайландырған. «5С жүйесі» қолға алынғалы бері бізде жұмысшыларды жұмыстар бойынша бөліп тарату жеңілдеді. Жұмысшылар жұмыс орнына келіп, қандай көрсеткіштердің орындалғанын көріп, олқылықтарын да біле алады. Тақталардың арасында «Нөлдік зиян» тақтасы да бар. Ол жарақат алғандардың саны мен негізгі себептерін көрсетіп, жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Ал «Тиімділік» және «Процестер» тақтасы болса біздің жоспарлы көрсеткіштерімізді бейнелейді, – дейді.

25 жастағы жас маман бүгінгі күні жанұясының тіршілігін дөңгелетіп отыр. Ақерке есімді жұбайымен бірге кішкентай қызы Ясминның қызығын көруде. Алдағы уақытта кейіпкеріміз бірлестіктің есебінен білімін жетілдіріп, Рудный индустриялық институтындағы магистратураға түсуді де жоспарлап қойыпты. Соның арқасында еңбек мансабы бойынша көтеріліп, кен алыбының бұдан әрі дамуына үлес қосуға ниетті.

 

Ерғали Убайдуллаев

Суретті түсірген Жарасқан Нұрыбай

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив