Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Мерекелік марапат

Мерекелік марапат

22.06.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 140
Комментариев: 0

Мерекелік марапат

Ақ желеңді абзал жандардың төл мерекесі қарсаңында аса зор құрмет көрсетілді. Әкімдіктің мәжіліс залында ең үздік медицина қызметкерлерін жинап, қала әкімінің алғыс хаты табысталды. Қала басшылығы мен түрлі саладағы бас дәрігерлер ыстық лебіздерін білдіріп, бүгінгі таңдағы медицинаның өмірімізден алар орнына айрықша тоқталды.


2020 жылда жағамыздан алған індет медицина қызметкерлерінің мәртебесін көкке асқақтатты. «Қашанда құрметті орынның бірі дәрігерге тиесілі» деп айтып жүрсек те, оның маңызын енді сезінгендейміз. Сондықтан да бұл кәсіп иелерін аса құрметке бөлеуді жөн деп білген қала басшылығы медицина қызметкерлері күні қарсаңында үздіктерге алғыс хат табыстады.

– Құрметті дәрігерлер мен медбикелер, ауруханалар мен емханалардың қызметкерлері, қалалық тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары! Біздің бүкіл кеншілер атынан жолдап тұрған құттықтауымыз бен тілектерімізді қабыл алыңыздар. Сіздерге денсаулық, отбасыңызға амандық пен табыс тілейміз, – деді қала әкімінің орынбасары Елена Скаредина шара басында.

– Рудныйдағы дәрігерлердің бірде-біреуі қауіпті індетті жұқтырмағанын айта кеткен жөн. Бізде аймақ бойынша ең үздік әрі заманауи жабдықтары бар, мүмкіндігі жоғары емхана бар екенімен де мақтана аламыз, – деді Қалалық аурухананың бас дәрігері Талғат Қайкенов.

Осылайша Рудныйдағы үздік медицина қызметкерлеріне салтанатты түрде мақтау грамоталары табысталды. Коронавируспен күресте дәрігерлердің алғы шепте тұрғаны тағы бір рет ескерілді.

 

Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ

Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив