Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Cерілікті серік еткен

Cерілікті серік еткен

29.06.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 141
Комментариев: 0

Cерілікті серік еткен

Өткен жылдан бастап елімізде Үкіметтің қаулысымен 28-ші маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі болып бекітілді. Бұған дейін журналистер күні маусым айының соңғы жексенбісінде аталып келген еді. Журналистер қауымы үшін айтулы мереке қарсаңында редакциямыздың бетке ұстар журналистерінің бірі, «ТВС» телеарнасындағы жаңалықтар бағдарламасын жүргізумен қатар, «Магнетит» апталық газетінің әрбір санына өзінің өзекті әрі қызықты мақалаларын жазып жүрген әріптесіміз Бекназарұлы Жарасқан Нұрыбай жайлы біраз әңгімелеп беруді ұйғардық.


Бүгінгі мақаламыздың кейіпкері рудныйлық телекөрермендерге 2017 жылдан бастап «Сіздермен бірге болған Жарасқан Нұрыбай, әр күндеріңіз нұрға бай болсын» деген сөздерімен жаңалықтар бағдарламасынан таныла бастады. Өзінің хабарында қала тұрғындарын «ССКӨБ» АҚ мен қаламыздың тұрмыс-тіршілігімен таныстырып, маңызды оқиғалар жайлы тың мағлұмат беріп келеді.
Жас кезінде шығармашылыққа бейім болған Жарасқан Бекназарұлы журналистік салаға 2011 жылдан бастап келген. Алғашқы еңбек еткен орны – Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы «Нұрлы жол» республикалық қазақ тілді газеті болды. Бұл жерде тәжірибелі мамандардан журналистиканың қыр-сырын үйреніп, мақала жазу шеберлігін қалыптастырды. 2012 жылдың аяғында Жарасқан туған жері Үшқұдық қаласындағы аудандық «Үшқұдық» газетіне тілші болып орналасып, бұл жерде 4 жыл еңбек етті. Дәл осы редакция жас маманның кәсіби журналист болып қалыптасуына үлкен септігін тигізді. Әріптесіміз Өзбекстандағы ұстаздарына ризашылығын білдіріп отыр.
- 2016 жылы Рудный қаласына қоныс аудардым. Орнығып алғаннан кейін «ССКӨБ» АҚ-ның Ақпарат орталығында тәжірибеден өтіп, 2017 жылы жұмысқа орналастым. Міне, сол уақыттан бері «ТВС» телеарнасында «Жаңалықтар» бағдарламасын жүргізіп, әртүрлі тақырыптағы мақалаларымды «Магнетит» апталық газетінде жариялап келемін. «ССКӨБ» АҚ мен үшін көп мүмкіндіктер берген кәсіпорын болды. Мысалы жыл сайын өткізілетін «Шеберлер елі» конкурсына қатысып, өз өнерімді көрсете алдым. Сонымен қатар 2019 жылдың желтоқсан айында Еуразиялық Топтың 25 жылдығына арналған мюзикліне қатысып, Елорданың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында қазақтың қара домбырасымен күй тарту бақыты бұйырды, - дейді.
Жарасқанның бұдан да басқа жоғары деңгейлі жетістіктері баршылық. Халықаралық жазба ақындар мүшайрасында жүлделі 2-ші орын иегері атанды. Сонымен қатар өткен жылы «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ Ақпараттық орталығының 20 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат саласын дамытуға қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық дамыту министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
«Жаңалықтар» бағдарламасынан бөлек әріптесіміз «Имандылық» бағдарламасын да эфирге үзбей шығарып келеді. Алдағы уақытта өзінің телекөрермендеріне сапалы, қызықты жаңа бағдарламаларын сыйға тартуды көздеп отыр. Бос уақытын кейіпкеріміз отбасымен, ағайын-туыстарымен және достарымен өткізуді ұнатады. Қолына қара домбырасын алып, шабыт келсе ән шығарып, өлең жазатын қасиеті де бар. Бұл талант әкесі Бекназар Нұрывтан дарыған.
Бүгінгі күні әріптесіміз сүйікті жары Айдынмен бірге Қасымхан және Медина есімді ұлы мен қызын тәрбиелеп отыр. 28-ші маусым журналистер күні мерекесі қарсаңызда, әріптесімізге үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив