Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
21-09-2020, 15:34
63
0
» Бақылау үңгірі жаңард

Бақылау үңгірі жаңард

29.06.20
Автор: magnetit
Просмотров: 134
Комментариев: 0

Бақылау үңгірі жаңард

Техникалық бақылау және қызмет көрсету – «ССКӨБ» акционерлік қоғамындағы жылжымалы құрамды жөндеу цехының техникалық бақылау пункті учаскесінің жұмысшыларына жүктелген екі негізгі міндет. Осыған дейін жұмыстар мүмкіндігінше тиімді жүргізілгенімен, соңғы уақытта мамандарға жабдықтардың ескіруі бірқанша кедергі келтірген болатын. Дегенмен, бақылау үңгірі қайта іске қосылғалы бәрі өзгерген.


Елу жылдан астам уақыт бойы ССКӨБ-тегі жылжымалы құрамды жөндеу цехының техникалық бақылау учаскесі күн сайын тарту агрегаттары мен думпкарлардың жарамдығын тексеріп отырды. Күніне бір рет Соколов алаңына бет алған әрбір технологиялық пойыз осында келуге міндетті, осылайша локомотив бригадасы тежегіш жүйесінің жарамдылығын тексеріп, бақылаудан өтеді. 1969 жылдан бері бұл бақылау дәл осы үңгірде жүргізіліп келген. Уақыт өте темірлері тот басып, ұңғыма сәт сайын суға толып кете беретін жағдайға келген. Сондықтан бұл жерді күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданған. Міне, алты айлық жөндеуден кейін оның рельстеріне электровоздар қайта келе бастады.
– Жөндеу жұмыстарына қазан-қаңтар аралығында қаражат бөлінді. Барлығы қалпына келтірілді. Енді ол жер Соколов кенішіндегі жұмыс барысына қатысуға дайын. Жобаны ССКӨБ-тегі біздің жобалау-құрастыру бөлімі жасады. Бұл жерді үнемі су баса бергеннен кейін су сорғыларын орнаттық. Сорғылардың жалпы саны екеу. Олар ешбір адамның көмегінсіз автоматты түрде суды сорып ала береді, – дейді «ССКӨБ» АҚ ЖҚЖЦ техникалық жетекшісі Андрей Навознов.
«Главстрой Астана» мердігерлік ұйымының күшімен бақылау үңгірі мүлдем жаңа көрініске ие болды. Жаңадан жарықтандыру және гидрооқшаулау орнатылды. Мамандардың пікірінше, қалпына келтірілген бақылау үңгірі шамамен 50 жылдай мінсіз қызмет көрсетуі тиіс.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив