Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Бабадан қалған бағзы мұра

Бабадан қалған бағзы мұра

07.07.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 242
Комментариев: 0

Бабадан қалған бағзы мұра

Домбыра қазақтың ұлттық аспабы ғана емес, халық мұрасы. Қазақ қашанда домбыраны қадір тұтып, төрге іліп, бағалаған. Киелі аспаптың құрметіне Елбасының жарлығымен Ұлттық домбыра күні бекітілді. Шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтетін бұл мейрам биыл 5 шілдеге тұспа-тұс келіп отыр.


Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра. Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің осы қанатты сөздері күмбірлеген қара домбыраның сан ғасырлық тарихын әспеттесе керек. Оның үстіне қазіргі уақытта ұлттық аспаптың заманауи музыка ырғағымен үйлесімді үндесіп жатқанын назарға алсақ, домбыра ғұмыры әлі талай ғасыр жасайтынын аңғаруға болады.
Қасиетті қара домбыраны қасына серік етіп, айтыс төрінде өңіріміздің намасын қорғап жүрген, өзінің сүбелі ойларын азулы жыр-шумақтарына сыйғызып, домбыраның ырғағына салып, талай қарсыласын талқан еткен айтыскер, ақын, домбырашы Ғалымгерей Кенжеғозин домбыраны қолға алуға анам себепші болған дейді. Бала кезден бойына домбыра үнін сіңірген Ғалымгерей Задыгерейұлы қос ішекте шебер ойнап, қазақтың халық әндерін мүдірмей орындайды.
Бұрынғы Торғай өңірінің тумасы мектеп қабырғасынан түрлі шараның көркін домбырамен келтіріп жүрген. Осы күнге дейін талай додаға түсіп, жүлдеге ие болған. Мысалы, өткен жылы Жітіқара қаласының 80 жылдық мерей тойына арналған облыстық ақындар айтысында өнер көрсеткен Ғалымгерей 8 ақынның арасынан жарып шығып, жыр бәйгесінің бас жүлдесін иелеген. Содан кейін Лисаков қаласында өткен қала күніне арналған Республикалық ақындар айтысына да қатысып 1 орын иегері атанған. Биыл Бейімбет Майлин ауданында Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған айтыста екінші орын иегері атанған. Бұл соңғы кездегі жетістіктері, бұған дейінгі жүлделерін санауға саусақ жетпейді. Ақын осының барлығында жанына серік болған домбыраның орны ерекше деп біледі.
– Домбыра деген қазақтың жаны, көңілі. Домбыраның үні арқаның самалы ескендей жағымды. Қазақ күйлерін тыңдағанда арқасы қозбайтын қазақ жоқ шығар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық мектептерге домбыра сабағын енгізуді ұсынып отыр. Осы бастама қолдау тауып, мектептерде домбыра пәні енгізілсе деген арманым бар, – дейді Ғалымгерей Задыгерейұлы.
Ақын, домбырашы, айтыскер, талай жыр бәйгесінің жүлдегері бүгінгі таңда ССКӨБ-тің фабрика кешенінде жұмыс істейді. Облысымыздың намысын қорғап қана қалмай, бірлестіктегі өндіріс қарқынын арттыруға өз үлесін тигізіп жүрген білікті маман.
– Қазақтың қасиетті мұрасы, яғни айтысқа қашан қатысамын десем, бірлестік басшылығы мені қолдап отырады, ол үшін шексіз ризашылығымды білдіремін. Айтыс өнері, домбыра жарыстары арқылы жоғымыз табылып, өшкеніміз қайта жанып, рухани жаңғырып жүрген жайымыз бар. Мерекеміз мерекеге ұласа берсін. Қазақтың қара домбырасының ғұмыры қысқа болмаса екен деп тілеймін. Жастарымыз осыдан өнеге алып, сабақ алып, үлкен домбырашылар атанып, елдің болашағын ойласа екен, – деп айтыскер ақын ізгі тілегін білдірді.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив