Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
18-01-2021, 18:12
184
0
18-01-2021, 18:08
185
0
» Медбике болам десеңіз

Медбике болам десеңіз

07.07.20
Автор: magnetit
Просмотров: 250
Комментариев: 0

Медбике болам десеңіз

Медицина саласында еңбек етуге бейімі бар рудныйлықтар үшін жақсы жаңалық. Өткен аптадан бастап қаламызда Қостанай жоғары медициналық колледж қызметкерлері «Медбике» мамандығы бойынша құжат қабылдауды бастады. Бұл мамандықты болашақ студенттер облыс орталығына бармай-ақ меңгеру мүмкіндігіне ие болып отыр, өйткені білім берудің барлық процесі жергілікті аурухананың базасында ұйымдастырылмақ.


Әлемге кеңінен жайылған пандемия әр азаматтың өміріне өзгеріс енгізіп, медицина мамандарының қоғамдағы рөлін арттырып, оларға деген сұранысты көбейтті. Сондықтан жер-жерлерде кадр тапшылығын жою мақсатында, осы сала мамандарын дайындау қолға алынуда. Мәселен биылғы жылдан бастап кеншілер қаласының тұрғындары да медицина қызметкері болу мүмкіндігіне ие болып отыр. Биылғы маусымның 20-нан бастап Қостанайдағы жоғары медициналық колледжі кеншілер қаласында медбикелерді дайындайтын бөлімше ашуды қолға алып, осы кәсіпті меңгеремін деушілерден құжат қабылдауды бастады. Осы істің бас-қасында жүрген медициналық колледждегі практикалық оқыту жөніндегі меңгеруші Инна Романюктің айтуынша, оқыту ісі 2020 жылдың ақпан айында бекітілген мемлекеттік стандарт бойынша жүргізілмек. Яғни оқуға түскен студенттер медицина мекемесіндегі дәрігерлер, медбикелерден оқып үйреніп, тәжірибе жинақтайтын болады.
Жаңа оқыту процесін ұйымдастыру үшін болашақ студенттерге арнап Рудный қалалық балалар ауруханасының ғимаратында арнайы аудитория бөлініп, жаңа жабдықтар мен оқу құралдары сатып алынбақ. Бұл мақсаттарға білім беру мекемесіне бюджеттен шамамен 70 миллион теңге бөлініп отыр. Бұған қоса болашақ медицина жұмысшыларын дайындау үшін қарастырылған қаражаттар да бар.
- Биылғы жылы талапкерлерді көптеп қабылдауды көздеп отырмыз. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 475 орын бөлінген. Соның ішінде 125-і Рудный қаласында оқитын болады. Бұл ең алдымен қала тұрғындары үшін ыңғайлы. Өйткені Қостанайға немесе еліміздің басқа да өңірлеріне бару қажеттілігі туындамайды. Білім алушылардың бір тобы мемлекеттік тілде, қалған 4 топ орыс тілінде оқытылатын болады, - дейді Инна Романюк.
Оқуға түсуге ниет білдіргендердің арасында жергілікті ауруханаларда еңбек ететін қыз-келіншектер өте көп. Солардың бірі Гүлзамира Елдесова Рудный қаласындағы №1 ауруханада тіркеу бөлімінің операторы болып жұмыс істейді. Қаламызда медбикелерді дайындайтын бөлімшенің ашылуын естіген ол, дереу құжаттарын жинап, бұл мүмкіндікті пайдалабақшы. Талапкер болашақта оқуды тәмамдап, медбике атанып, адамдарды емдеу ісіне үлес қосуға ниетті.
Айтып өтейік оқуға түсудің де белгілі бір шарттары бар. Егер де талапкердің бұдан бұрын алған білімі бюджет есебінен болса, онда медициналық колледжге ақылы негізде түсе алады. Егер коммерциялық негізде оқыған болса, сәйкесінше ақысыз оқуға мүмкіндік бар. Гүлзамира Елдесова алғашқы кәсіптік білімін тегін алғандықтан, бюджеттік бағдарлама бойынша қайтадан ақысыз білім алу мүмкіндігінен айырылып отыр. Талапкер үшін бұл еш қиындық туғызып отырған жоқ, ақылы негізден бөлек, колледжге үш жақты келісім бойынша оқуға түсуге болады. Бұл келісім білім беру мекемесі, талапкер және жұмыс беруші арасында жасалады.
Орта кәсіптік білімі бар қыз-келіншектерден бөлек, 9-шы сыныпты бітірген мектеп оқушылары да медбике болу мүмкіндігіне ие болып отыр. Білім беру мекемесінің мамандары ұсынған ақпаратқа сүйенсек, оқуға қабылданған студенттер бұл мамандық бойынша 2 жыл 9 ай оқитын болады. Барлық ниет білдірушілер ағымдағы жылдың 20-шы тамызына дейін құжаттарын тапсыра алады. Мамандардың айтуынша оқуға қабылдау талапкер аттестатының орташа баллы бойынша жүзеге асырылмақ. Бұл орайда талапкерлер оқуға түсу емтиханын тапсырмайды. Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесімен және оқуға қажетті құжаттардың тізімімен колледждің komeco.kz сайтынан немесе egov.kz порталынан білуге болады.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив