Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
Вчера, 17:59
21
0
Вчера, 17:55
10
0
» Өндірістің озаты

Өндірістің озаты

07.07.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 071
Комментариев: 0

Өндірістің озаты

«Құрмет тақтасы» сонау КСРО заманынан келе жатқан, өндіріс үздіктеріне көрсетілетін құрмет. Мұндай тақталар бірлестіктегі әрбір бөлімшеде бар. «ССКӨБ» АҚ КДБЦ ұсақтау учаскесінде еңбек ететін Жандос Балымбетов жуырда ғана өзінің көп жылдық еңбегі мен тиянақты жұмысы үшін осындай құрметке лайық деп танылды.


Жандос Балымбетов әйгілі Шәмші атамыздың «Тамды аруы» атты әнінде сол жердің мың бірінші бұлағындай деп шырқаған Өзбекстандағы киелі Тәуелібай жеріндегі Мыңбұлақ ауылында туып өскен. Сол жердегі Науаи облысы Үшқұдық қаласында тұрған кейіпкеріміз, жастайынан техникаға қызығушылық білдіріп, осы қаладағы ірі өндірістік кәсіпорындардың бірінде еңбек етіп автослесарь, слесарь-жөндеуші мамандығын игеріп алған.
Рудный қаласына кейіпкеріміз 2006 жылы көшіп келген. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қандастарды тарихи Отанға қайтару мақсатымен елдегі көші-қон мәселесі жолға қойылғаннан кейін Өзбекстандағы көпшіліктің бірі болып Рудный қаласына қоныс аудару шешімін қабылдадым, дейді. Кеншілер қаласына келісімен Жандос Өмірзақұлы алдымен жергілікті сүт өнімдерін шығаратын зауытта 9 ай еңбек етіп, қолына көптен күткен Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін өңіріміздің ірі кәсіпорны саналатын «ССКӨБ» АҚ-на мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. Міне сол уақыттан бері Жандос 13 жыл бойы жергілікті кәсіпорында тұрақты еңбек етіп келеді.
- Қазіргі уақытта бірлестіктегі Кен дайындау және байыту цехында слесарь-жөндеуші болып еңбек етіп жатырмын. Негізгі жұмысым ұсақтау учаскесінде жұмыс істеп жатқан барлық технологиялық жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ таңғы жұмыс тапсырмасына сәйкес магниттік жүйе барабандарының роликтерін ауыстырып, ұсақ-түйек бөлшектерін майлаумен шұғылданамыз, - дейді Жандос Балымбетов.
Жақында кейіпкеріміз еңбек етіп жатқан цехтағы басшылықтан «Құрмет тақтасына» іліккенін естіген. Мұндай құрметке Жандос Өмірзақұлы көп жылдар бойы тиянақты және үлгілі жұмысының арқасында ие болып отыр. «Құрмет тақтасына» ұсынылғаны жайлы хабар келіп түскенде, қатты қуанып, ерекше сезімде болдым, дейді.
Бүгінгі күні Жандос Балымбетов сүйікті жарымен бірге ұлы мен қызын тәрбиелеп отыр. «ССКӨБ» АҚ-ғы жұмыс, тұрақтылығымен және жұмысшыларға көп мүмкіндік беріп отырған әлеуметтік бағдарламаларымен қызықтырды, дейді. Кейіпкеріміздің болашаққа қойып отырған мақсаттары көп. Соның бірі бірлестіктің есебінен жергілікті оқу орындарына түсіп, білім алу. Соның арқасында көптеген білікті мамандар сияқты бірлестіктің өркендеуіне үлес қоссам, дейді.


Ерғали Убайдуллаев

Сурет мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив