Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Заманауи май құю бекеті

Заманауи май құю бекеті

07.07.20
Автор: magnetit
Просмотров: 89
Комментариев: 0

Заманауи май құю бекеті

Өткен жолы газет бетінде «ССКӨБ» акционерлік қоғамындағы жылжымалы құрамды жөндеу цехының бақылау шұңқыры жаңарғанын айтқан болатынбыз. Сонымен қатар техникалық бақылау пункті учаскесінде тағы бір нысан жаңарды. Осыған дейін жұмыстар мүмкіндігінше тиімді жүргізілгенімен, соңғы уақытта мамандарға жабдықтардың ескіруі едәуір кедергі келтіріпті. Дегенмен, жаңа заманауи май құю станция орнатылғалы жұмыс жеңілдей түскен.


ССКӨБ-тегі жылжымалы құрамды жөндеу цехының техникалық бақылау учаскесі күн сайын тарту агрегаттары мен думпкарлардың жарамдығын тексеріп отырды. Соколов алаңына бет алған әрбір технологиялық пойыз осында келіп, тексеруден өтіп, жанармай бактерін толтырып кетеді. Енді бұл учаске жаңа май құю станциясына ие болды. Мұндай модуль алып ССКӨБ-те қазірге жалғыз болып табылады. Заманауи талаптарға сай келетін жабдықтар Челябі облысынан алып келінген. Оның құрамында май құюдың әртүрін қамтитын үш түтік бар. Өндірушілер жанармай құю процесінде қолданылатын қондырғы ішіндегі көптеген бөлшектерді автоматтандыруды қамтамасыз еткен, олар жұмыс кезінде учаске қызметкерлеріне пайдалы болып келеді.
– Өткен жылдағы инвестициялық бағдарлама бойынша біз май құю бекетін сатып алдық. Ол тарту агрегаттарын үш типтегі жағармаймен автоматты түрде толтырады. Бұл май құю станциясы заманауи дизайнға ие. Біздің техникалық талаптарымызға толықтай сай келеді. Бұрын станцияда жанармайды қолмен құятын. Бұл өте көп уақытты алады. Жаңа май құю станциясы біздегі қызмет көрсету және жанармай құю процесін тездетеді, – дейді «ССКӨБ» АҚ ЖҚЖЦ техникалық жетекшісі Андрей Навознов.
Бұрын электровозға жанармай құю шамамен 1 сағат уақытты алған. Енді жаңа қондырғының арқасында жұмсалатын уақыт екі есеге қысқарған.
– Біз мұның барлығын қол күшімен жасайтынбыз. Яғни шелекпен тасып, бақырашпен құйып жүретінбіз. Жаңа станция алып келгелі жұмыс жеңілдеді. Енді тек түтікті қоссаң болғаны, жұмыс тез әрі жүзеге асырылады, – дейді «ССКӨБ» АҚ ЖҚЖЦ техникалық қарау пункті учаскесінің май құюшысы Галина Потапова.
Май құю станциясының тағы бір артықшылығы – аяқ астынан бірер авария туындап, электр көзі өшіп, жұмыс тоқтап қалған жағдайда қосымша дизелді қозғалтқышының арқасында 12 сағатқа дейін дербес жұмыс істей алады. Бұл өз кезегінде өндіріс қарқынын арттыруға септігін тигізері сөзсіз.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив