Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Еңбегіне қарай – құрмет

Еңбегіне қарай – құрмет

13.07.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 150
Комментариев: 0

Еңбегіне қарай – құрмет

«ССКӨБ» АҚ-дағы «Құрмет тақтасынан» көріну мәртебесі бұйырған келесі кейіпкеріміз – Ғалымжан Алишов. Шекемтас өндіру цехындағы дайын өнімді тиеу учаскесінде слесарь-жөндеуші болып еңбек етіп жатқан ол, Рудный қаласына 2004 жылы көшіп келіпті. Содан бері өз өмірін кен алыбымен байланыстырып келеді.


Ғалымжан Алишов 2004 жылы Өзбекстанның Үшқұдық қаласынан көшіп келген. Сол жердегі училищеде оқып, «слесарь-жөндеуші» мамандығын игеріп алған кейіпкеріміз, Рудный қаласына келісімен кен алыбындағы Жөндеу-механикалық зауытына жұмысқа орналасқан. Зауытта бес жыл еңбек еткеннен кейін бірлестіктегі Шекемтас өндіру цехына ауысуды жөн көріпті. Өйткені мұндағы жұмысы алып техникаларға қызмет көрсетумен байланысты.
Ғалымжан Мырзанұлының айтуынша бүгінгі күні осы цехтағы дайын өнімді тиеу учаскесінде шамамен 15 экскаватор жұмыс істеп тұр. Жөндеушілер бригадасының негізгі міндеті осы алып техниканың ақаусыздығын қамтамасыз ету. Ауысым кестесімен жұмыс істейтін кейіпкеріміз қазіргі таңда жөндеушілер бригадирі ретінде бес адамның жұмысын басқарып отыр. Олар күн сайын учаске механигі беретін жұмыс тапсырмасына сәйкес, белгілі бір экскаваторға қызмет көрсетіп, қосалқы бөлшектерін дайындап, тораптарын майлап отырады екен. Ғалымжан жұмыс оңай болмаса да, берілген тапсырманы уақтылы әрі сапалы орындауға міндеттіміз дейді.
– Жалпы «ССКӨБ» АҚ-да 16 жылдан бері еңбек етіп жатырмын. Кәсіпорын маған тұрақтылығымен ұнайды. Жас-тайымнан техникаға қызығып келемін. Бір нәрсені шашып көру, оны қайта құрастыру, жұмыс механизмімен танысуға құмар едім. Сол үшін осы мамандықты таңдадым. Қазір бригадамда бес адам бар. Олар да мен сияқты слесарь-жөндеушілер мен дәнекерлеушілер, – дейді мақала кейіпкері.
Ғалымжан «Құрмет тақтасына» іліккенін көп жылдық еңбегінің жемісі деп отыр. Жұмысшылардың мәртебесін осылай көтеріп отырған бірлестік басшыларына алғысым шексіз дейді. Ғалымжанның екі қызы мен ұлы бар. Мерхат есімді ұлы да әкесі сияқты техникалық мамандықты таңдап, жергілікті колледждердің біріне оқуға түскен. Әкесінің айтуынша болашақта электрик болып, кәсіпорында жұмыс істеуді мақсат етіп қойыпты.


Ерғали Убайдуллаев
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив