Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Құрбан айт – құтты мереке!

Құрбан айт – құтты мереке!

27.07.20
Автор: magnetit
Просмотров: 66
Комментариев: 0

Құрбан айт – құтты мереке!

Дінімізде бұл мерекенің алар орны айрықша. Өйткені, қасиетті Құрбан айт елдің бірлігін күшейтіп, өзара бауырластықты арттырады. Асыл дінімізде дәріптелген дәстүр ғасырлар бойы халқымыздың қанына сіңіп, Ұлы дала төсіндегі ұлық мерекеге айналды. Құрбандық – үлкен тарих, ұлы ғибадат. Құрбандық дәстүрі кейінгі мұсылман үмбетке де мұра болып қалды. Биылғы Құрбан айт мерекесінің бірінші күні шілденің 31-іне тура келіп тұр. Қала тұрғындарының ішіндегі көптеген мұсылман қауымға биылғы Құрбан айт қалай атап өтілетіні жұмбақ күйінде. Бұл мәселенің анық-қанығын білу үшін Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Уәлиевке сұрақтарымызды жолдадық.


Биыл Рудный қаласында жылдағыдай тәртіпте емес, бірнеше талаптар арқылы «Құрбан айт» мерекесі атап өтілуі жоспарлануда. Ол туралы қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы айтып берді.
– Қадірменді жамағат! Өздеріңізге белгілі, ислам дінінде атаулы діни мерекелердің бірі «Құрбан айт» мерекесі. Биылғы жылғы Құрбан айттың өткізілуі бұрынғыдай болмайды, біршама ерекшелігі бар. Себебі, қазіргі таңда оқшаулану, сақтану шаралары басты мәселе екені ақиқат. Қаланың сыртынан арнайы орын қарастырып жатырмыз. Сол жерде санитарлық талаптарға сәйкес көп адамды шоғырлатпай құрбандығымызды шаламыз, – деді Бектұрсын Уәлиев.
Сонымен қатар елдің амандығын тілеп, қиын жағдайда Аллаға дұға етіп, қайырымды іс жасауды да қолға алған мешіт жамағаты нәтижелі істің басталағанын да сүйіншіледі. Қайрымды жандардың қолдауымен елге берер көмек ретінде медициналық құрылғы өзге елден сатып алынбақ.
– Қадірлі бауырлар, құрметті қала тұрғындары! Тек еліміз емес, күллі әлемді дүрбелеңге салған жұқпалы індет әлі де саябырламай тұр. Осындай күндерде біз бір-бірімізге бауырмал, қамқор және жанашыр болуымыз керек. Соған байланысты жер-жерлерде қайырымдылық іс-шаралары көптеп ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар Рудный қалалық «Нұр» мешіті жамағаты, кеншілер қаласы тұрғындары және жомарт кәсіпкерлер жиналып тыныс алу аппаратын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін арнайы есеп-шот ашылды. Қазіргі таңда Түркия еліне 1 аппаратқа жететін қаржы жіберілді. Енді екінші аппаратқа қаражат жиналып жатыр. Алла нәсіп етсе, екі бірдей тыныс алу аппаратын Рудныйға алып келіп, қаламыздағы ауруханаға табыстаймыз деп отырмыз, – дейді Бектұрсын Торғайбайұлы.
Қазіргі таңда жұқпалы індет жағадан алғанда осы бір құрылғы науқастарға ауадай қажет. Соны көптің көмегімен елге алып келуді көздеген мешіт жамағатының бүгінгі ісінің нәтижесі осындай. Игі іске қолдау көрсетемін деушілер 8 702 201 90 85 телефонына тіркелген 5169 4971 2898 6324 нөмірлі «kaspi gold» картасындағы есеп-шот бойынша қайрымдылық жасай алады.



Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет интернеттен алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив