Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Әлеуметтік көмек – елге демеу!

Әлеуметтік көмек – елге демеу!

27.07.20
Автор: magnetit
Просмотров: 51
Комментариев: 0

Әлеуметтік көмек – елге демеу!

23 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 912 мың бірегей өтініш қабылданған. Төлем 1 млн 536 мың адамға тағайындалған. Ақшалай қаражат 1 млн 432 мың қазақстандыққа аударылғанын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.


МӘСҚ-тан төлем алуға өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады. 1 миллион 912 мың өтінімнің ішінде: – 797,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген; – 467,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 192,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 453,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантин енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем төленеді. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
• https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;
• «42 500 жәрдемақы алу» таңдаңыз;
• өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;
• нысанды (форма) жіберу керек;
• жүйе телефон нөмірін сұрайды;
• телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;
Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады, ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.
Төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:
• орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
• жеке кәсіпкерлер;
• жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
• бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
• нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;
• карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.
Өтінімдерді қарастырудың және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жалпы мерзімі – 3 жұмыс күні.
Қай санатқа жәрдемақы төленбейді деген мәселеге тоқталсақ, мемлекеттің бюджетінен зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек немесе сақтандыру қорынан тиісті төлем алып жүргендер 42 500 теңге алмайды. Олар бейресми жұмыс істеп жүргендер қатарына жатпайды. Егер де олар ресми жұмыс істеп жүрсе, олар үшін жұмыс беруші өтініш бере алады. Ресми жеке кәсіпкерлігі болса, жеке кәсіпкер ретінде де өтініш беруге мүмкіндігі бар.
«Сонымен бірге, төтенше жағдай кезінде бірыңғай жиынтық төлем төлеп, миллиондаған адам өзінің бейресми жұмыс істегенін растады. Біз олармен хабарласып, 70 мыңға жуығын жұмыспен қамту шараларына тартқан болатынбыз. Егер ол азаматтар қазір жұмыс істеп жатса, әрине, олар бұл жолы 42 500 теңгені ала алмайды» деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов түсіндірген болатын.
Жақын күндері жұмыстан шығып кеткендер де 42500 теңгеге өтінім бере алмайды. Олар Жұмыспен қамту орталығына хабарласуы керек. Бұл орталық тұрғындарға ашық вакансияларды немесе басқа жұмыспен қамту шараларын ұсынады.
Егер еш жұмыс лайық келмесе, үш күнде жұмыссыз ретінде тіркеледі және автоматты түрде Мемлекеттік сақтандыру қорынан жұмыссыздыққа қатысты басқа төлем бекітеді. Бұл жұмыссыздық төлемақысы 6 ай бойы беріледі.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Сурет интернеттен алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив