Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Шебер әрі тәлімгер

Шебер әрі тәлімгер

27.07.20
Автор: magnetit
Просмотров: 56
Комментариев: 0

Шебер әрі тәлімгер

Нағыз тәлімгер өзіне атақ, даңқ іздемейді, керісінше, өз шәкірттерінің болашақта білімді, ойшыл, тәжірибелі маман болып қалыптасуын тілейді. «ССКӨБ» АҚ Желілер мен қосалқы станциялар цехында жөндеу учаскесінің шебері болып еңбек ететін Александр Николаевич Журавлевты осындай адамдардың қатарына жатқызуға болады. Өйткені бұл кісі өмірінің 40 жылын кен алыбына арнап, осы уақыт ішінде жас мамандарға өз ісінің қыр-сырын үйретіп келеді.


Александр Николаевич кен алыбына сонау 1977 жылы келіп, еңбек жолын сол кездегі электротехникалық зертханасынан бастаған. Бұл зертханада Александр Журавлев электромонтер-релеші болып еңбек етіп, арада 5 жыл өткеннен кейін 6-шы разрядты маманға дейін көтеріліпті. 30 жыл ішінде үлкен тәжірибе жинақтаған маманға 2008 жылы трансформаторларды жөндеу цехының шебері болу ұсынысы келіп түскен. Міне сол кезден бастап 12 жыл бойы Александр Николаевич алып кәсіпорынды қажетті тоқпен қамтамасыз етіп отырған трансформаторларды жөндеу тобын басқарып келеді.
- Электротехникалық зертханада жұмыс істеп жүргенімде қарамағымда біраз жас мамандар болды. Сондай шәкірттерімнің бірі қазір бізде бас инженер болып еңбек етіп жатыр. Соларға жұмыс істеуді, жұмыс тапсырмаларын беруді және ең бастысы схемаларды дұрыс оқуды үйреттім. Менің анам осы жерде бір кездері қосалқы станциялардың кезекшісі болып еңбек еткен еді. Ол кісі схемалармен жұмыс істеуді үйретіп, дұрыс оқу әдістерін көрсетті, - дейді Александр Николаевич.
Тәжірибелі маман алғашқы білімін 1973 жылы қаламыздағы №1 училищеде алып, 1975-1977 жылдар аралығында Отан алдындағы борышын өтеген. Әскерден оралғаннан кейін Александр Николаевич бірлестікке келіп, білімін бұдан әрі жетілдіру мақсатында Рудный индустриалдық техникумға оқуға түскен. Жұмыс пен оқуды қатар алып жүрген ол, тәжірибелі кәсіп иесі болып қалыптасу оның негізгі мақсаты болғанын айтты.
- Сол кездері жастардың барлығы білім алуға құмар еді. Кітап оқып, қолым босай қалса кітапханаға баруды әдетке айналдырдым. Жұмысым маған өте ұнады. Біраз жұмыс істеп, тәжірибе жинағаннан кейін мен сияқты оқуды тәмамдап, цехқа жұмысқа келген жас мамандарға бар білгенімді үйрете бастадым. Міне осылайша бүгінгі күнге дейін осы іспен шұғылданып келемін, - дейді тәжірибелі маман.
Қазіргі уақытта Александр Журавлевтың қарамағында бес адам жұмыс істеп жатыр. Бұл мамандар Қоржынкөл, Кен дайындау және байыту цехы, Сарыбай және Соколов кеніштері сияқты объектілердегі қосалқы станциялар мен трансформаторларға қызмет көрсетумен шұғылданады. Александр Журавлев қасындағы жас әріптестеріне ең алдымен қауіпсіз жұмыс істеуге кеңес беріп отыр. Себебі тоқпен жұмыс істеу оңай емес. Мұнда қателікке жол бермеу маңызды, - дейді. Тәжірибелі маманның айтуынша жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін ең алдымен жұмыс тапсырмасын пысықтап, нұсқамалықты мұқият тыңдап алған жөн. Сонда ғана жұмысың ойдағыдай жүзеге асатын болады, - дейді.


Ерғали Убайдуллаев
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив