Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
21-09-2020, 15:34
63
0
» Жаңарту жұмыстары жалғасуда

Жаңарту жұмыстары жалғасуда

03.08.20
Автор: magnetit
Просмотров: 123
Комментариев: 0

Жаңарту жұмыстары жалғасуда

Алдыңғысынан жарық, қолайлы әрі көзге көрікті. Бірлестік құрамындағы көлік кешінінің автокөлік цехындағы тау-кен көліктері учаскесі ғимаратының бүгінгі таңдағы ішкі көрінісі осындай. Ауқымды әрі күрделі жөндеу жұмыстары бұл жерде өткен жылдан бері өз жалғасын тауып келуде. Әсіресе, жуыну-киіну бөлмесі, тапсырма беру бөлмесі түбегейлі өзгерген. Учаске басшылығының айтуынша мұндай өзгеріс қызметкерлердің ынтасына жақсы әсер етеді.


Көлік кешенінің автокөлік цехындағы тау-кен көліктері учаскесінің жуыну бөлмесі мүлдем жаңа көрініске ие болған. Құрылыс монтаждау цехы бұл учаскедегі күрделі жөндеу жұмыстарын өткен жылы бастаған. Барлық жылыту құбырлары, желдету, жарық жүйесі, еден мен қабырғасы және төбесі толықтай жаңарған. Ал шкафтарға жуырда киімді құрғату жүйесін орнату жоспарланып отыр екен. Бұл туралы учаске бастығының міндетін атқарушы Александр Боровский баяндап берді:
– Әр ауысымда 50-ге жуық адам осында келіп жуынып, киім алмастырады. Олар тау-кен көліктері учаскесінің жұмысшылары, сонымен қатар осы ғимараттағы автожөндеу басқармасының қызметкерлері де осы жуыну-киіну бөлмесінен пайдаланады. Барлық қажеттілер орнатылған. Жуырда әрбір жұмысшының шкафына киім құрғату үшін пайдаланылатын жылыту жүйесін орнатамыз.
Тек құрылыс-монтаждау цехының жұмысшыларына арқа сүйеп отыра бермей көлік кешінінің қызметкерлері де бұл ғимарат ішін өзгертуге айтарлықтай үлес қосқан. Бояу-сырлау жұмыстарына келгенде Еуразиялық Топтың корпоративті түстері ескеріліпті. Учаске қызметкерлері бұған дейін мұншалықты ауқымды жөндеу жұмысы бұл жерде жүргізілмегенін айтады. Сонымен қатар мұндай өзгерістер жұмысшылардың ынтасына жақсы әсер ететінін де атап өтті.
– Мен мұндай жөндеу жұмыстарын жүргізу өте орынды деп санаймын. Бөлімшеміз қызметкерлері басшылықтың қамқорлығын осылай сезіне алады деп ойлаймын. Жақсы жағдай жаратылса, жұмысшыларда өз қызметін адал атқаруға ынта пайда болады. Жарық, қолайлы бөлмеде отыру, барлық жағдай жаратылған бөлме-жайда жуынып, киім алмастыру әрине жағымды, – дейді Александр Боровский.
Тек жуыну-киіну бөлмелері ғана емес, көлік кешенінің автокөлік цехындағы тау-кен көліктері учаскесінің жұмысшыларға тапсырма беру бөлмесі де жаңа көрініске ие болған. Өз қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасауды көздеген бірлестік басшылығы алдағы уақытта осындай жөндеу жұмыстарын жалғастыра беруге ниетті.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген
Ерғали УБАЙДУЛЛАЕВ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив