Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Еңбегімен ер мықты

Еңбегімен ер мықты

24.08.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 106
Комментариев: 0

Еңбегімен ер мықты

«ССКӨБ» АҚ өзінің сара жолымен еліміздің эканомикасын дамытып отырған бірлестік. Қала құрушы кәсіпорын құрамында Рудный қаласының басым көпшілігі жұмыс істейді. Әсіресе, ертеңгі болашақ үміт артатын жастар өз жолын бірлестік қабырғасынан бастап, кең мүмкіндіктерге қол жеткізуде. Солардың бірі өнеркәсіп кешенінің қызметкері Ешбанов Айдар Жұмағалиұлы.


Қаламыздағы №19 мектепті түлеп ұшқан жас жігіт Рудный тау-кен колледжінде 2010-2013 жылдар аралығында білім алған. Мамандығы «Пайдалы қазбаларды байыту». 2014 жылдың басында ССКӨБ-тің өнеркәсіп кешеніндегі шекемтас өндіру цехына шикі шекемтас өндіру учаскесінің елекшісі болып жұмысқа орналасады. Содан бері 6 жыл бойы осы қызметті абыроймен атқарып келеді.
- Елеуші шикі шекемтасты іріктейтін електі бақылайды. Елек болса, дайын өнімді күйдіру учаскесіне жіберіп, майда шекемтастарды қайта өңдеуге іріктеп алып қалады. Бұл комбинат өндіріп жатқан өнім барысындағы негізгі жұмыстардың бірі болғандықтан жауапты іс деп білемін. Елек кейде жарамсыз болуы мүмкін, ол кезде жөндеуден өткіземіз, жоспарлы түрде құрылғының майын да ауыстырып тұрамыз, – дейді жас маман.
Әкесінің кеңесімен осы мамандықты игерген Айдар алғашында осы цехта практикадан өткен. Учаске басшылығына Жас жігіттің тиянақты жұмысы учаске басшылығының көңіліне қонып, әрі қарай осы жерде жұмыс істеуге ұсыныс берген. Міне, содан бері Айдар елекші қызметін атқарып келеді.
Айдар Жұмағалиұлы жастайынан футболды ұнатты. Бойдағы құлшыныс қазіргі таңда ССКӨБ құрамасының капитаны деңгейіне дейін жетуге көмектесті. ERG құрамасының да мүшесі, ауқымды деңгейде Еуразиялық Топтың намысын да қорғайды. Бұл саладағы жеңістеріне тоқталып өтсек: 2016 жылы Ақсуда өткен ERG спартакиадасында 1 орын; 2018 жылы Рудныйда өткен ERG спартакиадасында 2 орын; 2019 жылы Сочиде өткен халықаралық ірі кәсіпорындар арасындағы жарыста ERG құрамасында ойнап, күміс кубок жүлдегері атанған; Сол жылы еліміздегі ірі кәсіпорындар арасында да ойын өтіп, Айдар ойнаған ERG құрамасы 3 орынға ие болған. Одан бөлек қалалық, аймақтық бірқанша жарыстарға қатысып, жүлделі орындармен оралған.
- Спорт саласындағы қызығушылығым осы кәсіпорында сайын артты. Мұнда ынталандыру деңгейі жоғары. ССКӨБ құрамасында да, ERG құрамасында да ойнау мен үшін үлкен мәртебе. Себебі, Еуразиялық топ – мүмкіндіктер орталығы, – дейді жас маман.
Айдар Ешбанов бірлестіктің арнайы жеңілдетілген тәртіпте баспана беру бағдарламасына қатысып, қала төрінен 1 бөлмелі пәтерге де ие болған. 2016 жылы сырттай РИИ-ге оқуға түсіп, тау-кен ісі мамандығы бойынша биыл институтты тәмамдады. Тек спорт саласында ғана емес, қолға алған жоғары оқу дипломның жемісін көріп, мансап сатысында да жоғарылай беруді, өндіріс қарқынын арттыруға өз үлесін қосуды мақсат еткен.
Айта кеткен жөн, Нұр Отан партиясының жаратып жатқан мүмкіндігі, праймериз бойынша шекемтас өндіру цехы атынан үміткер атануда. Алдағы уақытта депутат болуы да ғажап емес.



Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив