Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
22-02-2021, 15:22
369
0
22-02-2021, 15:11
378
0
» Автобустар өртке оранды

Автобустар өртке оранды

01.09.20
Автор: magnetit
Просмотров: 323
Комментариев: 0

Автобустар өртке оранды

Рудный қаласының жолаушылар тасымалы саласына айтарлықтай зиян келтірген өрт. Апта басында «Рудныйавтотранс» серіктестігінің аумағында өрт шығып, нәтижесінде 10 автобус өртеніп, тағы екі жолаушылар автобусы зақымдалған болатын. Ауқымды өртті ауыздықтауға бірнеше техника мен құтқарушылар жұмылдырылды. Бұл жайында қалалық Төтенше жағдайлар Басқармасының бастығы айтып берді.


«Рудныйавтотранс» серіктестігі аумағындағы өрт туралы хабарлама №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің басқару панеліне таңғы бес шамасында, дәлірек айтатын болсақ сағат 4:19 кезінде келіп түскен. Төтенше жағдай болған жерге өрт сөндірушілер жетіп келгенше бірнеше жолаушылар автобусы жалынға оранып үлгерген.
– Жағдайға байланысты жақын жерде тұрған автобустарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушы күші және ССКӨБ-тің өрт сөндіру бөлімшесі бірігіп, қауіпті аймақтан 13 автобусты эвакуациялады. Өрт толықтай сағат 5-тен 10 минут өткенде ауыздықталды. Жалынмен күресуге жалпы №2 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің 4 техникасы мен «ССКӨБ» АҚ екі техникасы және 18 өрт сөндірушілер құрамы жұмылдырылды, – дейді қалалық ТЖБ бастығы Валерий Гричин.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетіне қарамастан, өрт 12 автобус жалмап үлгерген. Олардың 10-ы толықтай жанып кетті, қалпына келтіру мүмкін емес. Өрттің себептері анықталуда. Интернет желісінде «әдейі өрт қойған» деген пікірлер кеңінен тарауда. Бірақ кез-келген жағдайда, барлық тиісті тексерулер жүргізілгеннен кейін оқиғаның нақты себебі анықталады.
Осындай тергеп-тексеру нәтижелерін күтіп отырған басқа да жеке меншік ұйымдар бар. Естеріңізге сала кетейік, 18 тамызда «Гранула» серіктестігінің аумағында ауқымды өрт болған еді. Соның салдарынан қоймада сақталған шикізаттар толықтай өртеніп кетті. Олар: полиэтилен, қағаз, бояу және тағы басқалар. Өрттің жалпы ауданы мың шаршы метрді құраған.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Сурет интернет желісінен алынды

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив