Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Үнемді әрі қауіпсіз

Үнемді әрі қауіпсіз

01.09.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 075
Комментариев: 0

Үнемді әрі қауіпсіз

«ССКӨБ» АҚ өзінің барлық бөлімшелеріндегі жарық жүйелерін жаңарту ісін жалғастырып келеді. Шілде айында осындай кезекті жаңғырту Жол шаруашылығы және құрылыстар цехында жүргізілді. Мұндағы жылжымалы құрам депосындағы жарық жүйелері бірлестіктің инвестициялық бағдарламасының арқасында заманауи үлгілеріне ауыстырылып, электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр.


Бірлестік бөлімшелеріндегі жарықтандыру жүйелерін жаңарту ең алдымен кәсіпорын жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Өйткені ескі лампалардың тозығы жетіп, жарық беру күші де әлсіреп, талап етілетін норманы қамтамасыз етпеген еді. Сонымен қатар электр энергиясын да көп шығындай бастаған. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін бірлестік мамандары инвестициялық бағдарламаның арқасында жарықтандыруды қалпына келтіру бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізіп жатыр.
- Жол шаруашылығы және құрылыстар цехындағы жылжымалы құрам депосындағы жарық жүйесін толық жаңғыртуға инвестициялық бағдарлама бойынша шамамен 15 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа деподағы ескі жарық шамдары демонтаждалып, заманауи, энергияны үнемдейтін шамдар орнатылды. Олардың энергиялық тиімділігі – бұрынғы қызу шамдарына қарағанда энергияны 4-10 есеге дейін үнемдейді. Сонымен қатар жұмысшылардың көздеріне де зиянын тигізбейді, өйткені оның жарық күші күндізгі жарыққа сәйкестендірілген. Осының арқасында мұндай шамдар еңбек өнімділігіне оң әсер етеді, - дейді «ССКӨБ» АҚ КК жетекші энергетик-электромеханигі Ринад Абдрахманов.
Шамдардың қызмет мерзімі 300 мың сағатты құрайтын болса, өндіруші берген кепілденген мерзім – 5 жыл. Егер осы уақытта қандай да бір жарық шамы істен шығатын болса, өндіруші өз мамандарын жіберіп, тегін ауыстырып береді, - дейді мамандар.
Айтып өтейік деподағы жаңғырту жұмыстары 8-17 шілде аралығында жүргізілген. Шамдарды монтаждауды «Электроэнергомонтаж» ЖШС атқарған. Мамандардың айтуынша жаңа жарық көздері сондай-ақ Жол шаруашылығы және құрылыстар цехының әкімшілік-тұрмыстық кешенінің ғимаратына да орнатылған.

Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген Жарасқан Бекназарұлы

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив