Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Шахтерлер әулеті

Шахтерлер әулеті

01.09.20
Автор: magnetit
Просмотров: 292
Комментариев: 0

Шахтерлер әулеті

Жер қойнауында жатқан пайдалы қазбаларды өндіріп, ел экономикасына ауқымды үлес қосып отырған еңбек адамдары – шахтерлер. Олардың арасында тіпті бір әулет болып еңбек етіп жатқандар да бар. Осындай әулеттердің бірі - ағайынды Бірмановтар.


 Шахтер болу үшін мықты денсаулықпен қатар, асқан төзімділік, шыдамдылық, ептілік пен қайсарлық керек. Себебі, жер астында жұмыс істеу оңай емес. «ССКӨБ» АҚ-ның Соколов шахтасында еңбек ететін ағайынды Бірмановтарды осындай адамдар деуге болады. Бұл азаматтардың әрқайсысы кен алыбындағы шахтада кемінде 30 жыл бойы еңбек етіп келеді. Ағайындылардың ең үлкені Шакир Әбілұлы өмірінің басым бөлігін осы шахтадағы жұмысқа арнап, сорғы қондырғысының слесарі болып еңбек еткен. Осыдан 8 жыл бұрын зейнеткерлікке шығыпты. - Шахтаға 1982 жылы келдім. Алдымен тау-кен жұмысшы болып еңбек еттім. Осыдан кейін жергілікті кадрларды дайындау және оқыту орталығында шахтадағы тіреулерді орнататын бекітуші курстарын тәмамдап, осы мамандық бойынша 30 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келемін. Біздің негізгі міндетіміз оңтүстік және солтүстік вентиляциялық оқпандарына қызмет көрсету және шахтадағы көтерменің жағдайын бақылап отыру. Нәсіп етсе екі аптадан кейін зейнеттік демалысқа шығамын, - дейді «ССКӨБ» АҚ Соколов шахтасындағы ішкі шахталық көлік учаскесінің жерасты бекітушісі Самұрат Бірманов.
Ағайынды Бірмановтардың кенжесі Жұман Әбілұлы да осы шахтаның ардагер жұмысшыларының қатарында десек артық айтпағандық. Өйткені ол өңірдегі кен алыбына 1987 жылы келген. Шахтадағы еңбек жолын Жұман Бірманов жергілікті училищені дәнекерлеуші мамандығы бойынша тәмамдағанынан кейін ағаларының кеңесімен таңдаған. Қазіргі таңда ағайындылардың кенжесі Соколов шахтасындағы су тартатын сорғылардың ақаусыз жұмысын қамтамасыз етіп, құбыр жолдарын қалыпта ұстаумен айналысады.
- Қазір қызмет көрсетіп жатырған сорғылар жерасты суды сыртқа шығаруға арналған. Оның қуаттылығы сағатына 300 текше метрді құрайды. Шахтадан шыққан су құбырлар арқылы жоғары көтеріліп, қаланың айналасындағы арнайы өзендерге құйылады. Сорғылардың барлығы жаңа, қойылған орны да жеткілікті жарықтандырылған, - дейді Соколов шахтасындағы жерасты электр-механикалық шаруашылық учаскесінің электр-газбен дәнекерлеушісі Жұман Әбілұлы.
Шахтерлердің айтуынша, мұнда еңбек ететін әрбір адамның негізгі міндеті – қауіпсіздік техникасын барынша сақтау. Шахтаға түсер алдында жұмысшылар барлық қажетті құрал-жабдықтармен, шамдармен, құтқару жинағымен қамтамасыз етіледі.
- Көп жылдық тәжірибем болғандықтан шахтаға келетін жас мамандарға да тәлімгер болып, жұмыстың барлық егжей-тегжейін үйреніп келемін. Оларға қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға кеңес беремін. Ақыл-кеңесімді тыңдаған жігіттер қазір лайықты шахтерлер болып қалыптасты. Әрдайым бір-бірімізді қолдап отыруға тырысамыз, - дейді Жұман Бірманов.
Соколов шахтасында еңбек етіп жатқан ағайындылар өмірін шахтамен байланыстырғандарына еш өкінбейді. Себебі бұл жұмыс орны олардың ер мінезін қалыптастырып, әр нәрсенің қадірін түсінуді үйреткен. Бірмановтардың барлығы да бұл қоғамда өз орнын тауып, ұрпақ өсіріп, жастарға ақыл-кеңесін айтып, жұмыстың ауырлығынан қашпауға шақырып отыр. Сонымен қатар кейіпкерлеріміз тамыздың соңғы жексенбісінде тойланатын «Шахтерлер күні» қарсаңында, жанындағы барлық әріптестеріне денсаулық, күш-жігер мен көтеріңкі көңіл-күй тілеп отыр.


Ерғали Убайдуллаев
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив