Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
22-02-2021, 15:22
369
0
22-02-2021, 15:11
378
0
» Сақтансаң сақтайды

Сақтансаң сақтайды

07.09.20
Автор: magnetit
Просмотров: 318
Комментариев: 0

Сақтансаң сақтайды

Рудный қаласының төтеншеліктері жылыту маусымы қарсаңында жергілікті тұрғындар үшін жыл сайын өткізілетін «Өрт қауіпсіздігі айлығын» бастады. Бұл шара қаладағы өрт оқиғаларының санын азайту, адамдардың жарақаттануы мен өліміне алып келетін өрт жағдайларының алдын алу мақсатында өткізіліп отыр. Биылғы өрт қауіпсіздігі айлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес екі кезеңде өкізіледі.


Өртке қарсы шараның бірінші кезеңі әдеттегідей 15 тамыз бен 15 қыркүйек арасында өтетін болса, екінші кезең жылыту маусымын қамтиды. Өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңінде Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қаламыздағы көп балалы жанұялардың, зейнеткерлердің, жалғызбасты мүгедектердің үйлерін аралап, өртке қарсы іс-шараларды орындау, ақауы бар жылыту пештерінің, газ жабдықтары мен электрмен жылыту аспаптарының кесірінен орын алатын өрт оқиғаларын болдырмау бойынша ақпарат беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Ренат Елеуовтың айтуынша, бүгінгі күні түсіндіру жұмыстарының тізімінде 1521 мекенжай бар. Осы күнге дейін бес жүзден аса мекенжай бойынша атаулы іс-шара өткізілді.
- Алдымыздағы екі аптада қалған мекенжайлар бойынша аралап, ақпарат беру жоспарда бар. Шара барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қамтитын кітапшалар таратылып, тұрмыс жағдайларында өрттен сақтану бойынша нұсқаулықтар беріліп жатыр. Сондай-ақ тұрғындарға айтарым, балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыздар. Оттық, жанғыш заттарды балалардың қолы жететін орындарға қоймаңыздар, - дейді ТЖБ инженері.
Төтеншеліктер ақпараттық шара барысында балаларға бас-көз болып, қараусыз қалдырмауға шақырып отыр. Өйткені соңғы уақытта елімізде көп қабатты үйлердің терезесінен балалардың құлап кету фактілері жиі тіркелетін болған. Сондықтан ведомство мамандары терезелерге бұғаттағыштарды, құлыптарды орнатуға кеңес беруде.
Бүгінгі күндегі мәліметтер бойынша Рудный қаласында 66 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда біршама төмен. Айтып өтейік төтеншеліктердің мұндай шарасына полиция қызметкерлері мен еріктілер де жиі қатысады екен.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген
Жарасқан Бекназарұлы

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив