Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
21-09-2020, 15:34
63
0
» Құтқару операциясы

Құтқару операциясы

14.09.20
Автор: magnetit
Просмотров: 35
Комментариев: 0

Құтқару операциясы

Рудный қаласындағы №2 бақша қоғамының аумағында зейнет жасындағы ер адам саңырауқұлақ теремін деп жолынан адасып, батпаққа батып бара жатқан жерінен төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен құтқарылды. Қала тұрғыны дереу ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілген.


Оқиға орнына дереу жеткен рудныйлық құтқарушылар саңырауқұлақ теруге шығып, батпаққа батқан 68 жастағы ер адамды құтқару құралдарының көмегімен өлімнен арашалап қалды. Тобыл өзенінің сағасын-дағы батпақта үш жарым сағаттай болған ол әбден әлсіреген. Абырой болғанда оның жан айқайын бақшадағы күзетшілердің бірі естіп, құтқарушыларды шақырған.
– 2 қыркүйекте сағат 20.40-та Рудный қаласының өрт сөндіру бөлімшесінің байланыс пункті-не Тобыл өзенінің жағасындағы қамыста адамның батып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Ер адам жолынан адасып, батпақтан өтемін деп батып қалған. Өздігінен шыға алмаған соң айқайлап көмек шақырған. Оның дауысын бақша күзетшісі естіп, құтқарушыларға хабар берген, – дейді қалалық ТЖБ бастығы Валерий Гричин.
Қала тұрғыны батпақта біраз уақыт болғандықтан, денсаулығына зақым келіп, денесін қатты салқындатып алған екен. Жергілікті медицина мамандары бұл кісіге барлық жәрдемін жасағанымен, бірер күннен кейін қарт кісі инсульттен қайтыс болыпты.
Төтеншеліктердің берген ақпаратқа сәйкес ағымдағы шомылу маусымында Рудный қаласының аумағында адамдардың өлімімен аяқталған бірнеше суға бату оқиғалары теркелген.
– Рудный қаласының аумағында 2020 жылы суға батудың 2 фактісі тіркеліп, 2 адам қаза болған. Оқиғаның бірі жергілікті шіркеу маңындағы өзен жағасында орын алған болса, екіншісі 50 лет Октября көшесінің төменгі жағындағы суда болған. Бірінші оқиғада суға батудың негізгі себебі – адамдардың алкогольді мас күйінде шомылуы болса, екінші жағдайдың егжей-тегжейліктерін анықтау үшін тиісті сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді ТЖБ бастығы.
Валерий Гричин осындай оқиғаларды болдырмау үшін тұрғындарға сақ болып, қаладан тыс шыққан кезде тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырып отыр. Мүмкін болса орманға, судың жағасына жалғыз бармауға кеңес беруде. Сонымен қатар ТЖБ бастығы алдағы жылыту маусымының басталуына байланысты үйдегі пештерді, газ жабдықтарын қалыпқа келтіріп, өрт қауіпсіздігін сақтауды да ұмытпаған жөн дейді.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген
Жарасқан Бекназарұлы

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив