Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
21-09-2020, 15:34
63
0
» Басымдық – Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқаты

Басымдық – Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқаты

14.09.20
Автор: magnetit
Просмотров: 56
Комментариев: 0

Басымдық – Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқаты


Осымен екінші мәрте қыркүйек айының басы барлық қазақстандықтар үшін маңызды оқиға болып отыр – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа Үндеу жасады. Тағы да ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауы мемлекеттің барлық негізгі құрылымдарының қызметіне объективті баға беріп, ел мен қоғам әл-ауқатының одан әрі өсуінің негізгі векторларын анықтады.
Құжатта Парламент пен Үкіметке мемлекет өмірінің түрлі аспектілері бойынша нақты тапсырмалар бекітілген. Президент мемлекеттік басқару, экономикалық даму, қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқаты мәселелеріне ерекше тоқталды.
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның басшысы бола отырып, біздің еліміздің жаңа экономикалық бағытын алға жылжыту жөніндегі міндеттерге ерекше назар аудардым. Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі қазіргі жағдай халықаралық күн тәртібін толығымен өзгерткенін атап өтті. Осы орайда «экономика халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеуі керек» деген сөзі зор маңызға ие деп ойлаймын.
Президент жаңа экономикалық курстың жеті негізгі бағытын жариялады, олардың арасында азаматтардың пайдасы мен міндеттерін әділ бөлу принципі бірінші орынға шықты. Сонымен қатар, өнімділіктің өсуіне, адами капиталды дамытуға және экономиканы «жасылдандыруға» басымдық беру дұрыс деп санаймын.
Осы сәттердің барлығы қазірдің өзінде ССКӨБ қызметінде көрініс тапқан. Бүгінде кәсіпорын ERG басшылығының қолдауымен өндіріс тиімділігі мен өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, машиналар мен жабдықтарды жаңарту, еңбек өнімділігін арттыру бағдарламаларын, сондай-ақ компания қызметкерлері мен азаматтарының әл-ауқатына бағытталған әлеуметтік жобаларды белсенді түрде әзірлеп, жүзеге асыруда.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлі күнге дейін «цифрландыру – барлық реформалардың негізгі элементі» екендігіне сенімді. Оның айтуынша, «Цифрландыру – бұл сәнді тенденция ізімен жүру емес, ұлттық бәсекеге қабілеттікке қол жеткізудің басты тетігі». Бұған алғашқылардың бірі болып «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруды бастаған ССКӨБ ұжымы да сенімді. Қашар алаңында «ақылды кеніш» жобасы сәтті жүзеге асырылды. Осы жаңалық Елбасының «бұл шығындардың төмендеуі, еңбек өнімділігінің артуы және жоғары сапалы өнім» деген сөзін толықтай ақтайды. Бүгінгі күні цифрлық технологияларды енгізу бізде ғана емес, Еуразиялық Топтың басқа кәсіпорындарында да жалғасуда.
Біз бұл Жолдау 2020 жылғы сын-қатерлерге сенімді жауап болды деп толық сеніммен айта аламыз. Пандемия әлемдік экономикаға және, әсіресе, Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер етті. Бірақ қазақстандықтар бұл қиын жағдайды жеңе алады. Мұндай сенімді біздің алдымызда жаңа маңызды мақсаттарды айқындаған Президент Жолдауы тудырады. Олардың барлығы әрқайсымыздан барынша күш салуды талап етеді. Бірлестік ұжымы барлық қойылған міндеттерді жүзеге асыруға дайын. Бұл біз үшін маңызды! Біз елдің дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға дайынбыз.


Береке Мұхаметқалиев,
«ССКӨБ» АҚ президенті

 

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив