Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Бірлестік болашағы зор

Бірлестік болашағы зор

21.09.20
Автор: magnetit
Просмотров: 83
Комментариев: 0

Бірлестік болашағы зор

Бүгінгі кейіпкеріміз Еркебұлан Қонарбаев кен алыбына 2013 жылы осындай сеніммен келіп, қателеспегенін айтты. Өйткені еңбек жолын жөндеуші-слесарь болып бастаған ол, бұл күні механик лауазымына дейін көтерілген.


Еркебұлан Таңатарұлы Өзбекстандағы Үшқұдық қаласының тумасы. Кеншілер қаласына 2008 жылы көшіп келіп, 2012 жылы көлік тасымалымен байланысқан мамандықты таңдап, Қостанай қаласындағы әлеуметтік-техникалық колледждің сырттай бөліміне оқуға түскен. Дәл осы уақытта жас жігіт өнеркәсіп саласында тәжірибе жинақтауды көздеп, «ССКӨБ» АҚ-на келіпті. Бұл жерде Кен дайындау және байыту цехындағы ұсақтау учаскесінде тәжірибелі маман Әбілахат Ермановтың қарамағында болып, алып машиналар мен кен тасымалдайтын ленталардың жұмыс процесімен танысуды бастаған.
- Цехтағы ұсақтау учаскесінде еңбек етіп жүрген кезімде әріптестерім маған жұмыстың қыр-сырын үйретті. Арада 4-5 ай өткеннен кейін 4-ші разрядты слесарь-жөндеушіге дейін көтерілдім. 2015 жылы Қостанайдағы оқу орнынан диплом алып, бірлестіктегі еңбек жолымды жалғастыру мақсатында Рудный қаласындағы техникумға электрлі механикалық жабдықтарды жөндеу мамандығы бойынша оқуға түстім. Біраз тәжірибе жинақтап алғаннан кейін цех басшылығы механик лауазымын сеніп тапсырды, - дейді Еркебұлан Қонарбаев.
Бүгінгі кейіпкеріміздің күнделікті жұмыс міндеті цехтағы кенді тасымалдайтын ленталық конвейердің, құрғақ магниттік сепаратордың жұмысын қадағалау, сонымен қатар ақау пайда болған жағдайда бригадасына тапсырма беріп, осы жабдықты уақытша тоқтатып, жөндеуді орындау. Осындай жауапты жұмыстарды уақтылы атқару өндірістің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етеді, дейді цехтағы құрғақ магниттік сепарация корпусының механигі.
Өз жұмысын тиянақты орындаудың арқасында Еркебұлан Таңатарұлы 2018 жылы «ССКӨБ» АҚ-ның үздік жұмысшысы атанған. 2019 жылы бірлестіктің құрмет тақтасынан да көрініпті. Бұдан бөлек өз бригадасымен бірге кен алыбының «Идеялар фабрикасына» жиі қатысып тұрады. Еркебұлан өз болашағын әрі қарай бірлестікпен байланыстыруды мақсат етіп қойған. Өйткені бұл жерде жастар үшін қолайлы жағдайлар жасалып, өсіп-өркендеуіне мүмкіндік бар дейді. Қазіргі таңда Еркебұлан қара металлургия саласының мамандықтары бойынша еліміздегі немесе көршілес Ресей жеріндегі жоғары оқу орындарының біріне «ССКӨБ» АҚ есебінен оқуға түсуді жоспарлап отыр.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив