Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Ұстаздық еткен жалықпас

Ұстаздық еткен жалықпас

05.10.20
Автор: magnetit
Просмотров: 343
Комментариев: 0

Ұстаздық еткен жалықпас

Қаламыздағы құрылыс және көлік колледжінің аға ұстазы Пётр Головирёв өз еңбек жолында көптеген шәкірттерге білім берген. Пётр Иванұлының тәрбиесі мен берген білімін бойына сіңірген жастар бүгінгі таңда ССКӨБ-тің қарқынына үлес қосып отырған білікті мамандар болып саналады. Еңбек жолын өзі де осы қала құрушы кәсіпорында бастаған кейіпкеріміз бүгінгі жастарға өнеге болар өмір жолын баяндап берді.


Алғаш 1970 жылы комбинатта тепловоз машинисінің көмекшісі болып жұмыс бастаған. Техникумды тәмамдап, институттың да дипломын ала алған жас маман учаске бастығы, бас инженер, бас механик қызметтерін атқарған. Жұмыспен қатар кадрларды оқытып даярлау орталығында жас мамандарға тәлімгер ретінде дәріс өткен. Атап айтатын болсақ тепловоз машинистеріне, кран машинистеріне, бір сөзбен айтқанда теміржол бағытына қатысы бар көптеген мамандарға білім берген. Зейнетке шыққаннан соң да 3 жылдай тәлімгерлік қызметті кадрларды оқытып даярлау орталығында жалғастырған.
– Өндіріс қызметкері болып жүргенімде жас мамандарға тәлімгерлік ету ұсынысы келіп түсті. Білгенімді үйретуден жалықпайтын адам үшін бұл өте тиімді ұсыныс дер едім. Содан жұмысыма кедергі келтірмейтіндей етіп, тәлімгерлік курстарға уақыт ажыраттық. Тепловоз және кран машинистері секілді мамандықтар бойынша арнайы курстарда сабақ бердім. «ССКӨБ» АҚ қашан да өз қызметкерлеріне қамқор бола білген компания. Ішінара осындай курстардың арқасында қаншама жыл өз тәжірибемізбен бөлісе алдық. Осылайша зейнет жасына жетіп, жұмыстан лайықты демалысыма шықсам да, ұсыныс бойынша тағы үш жылдай арнайы курстарда сабақ беруді жалғастырдым, – дейді Пётр Головирёв
2016 жылдың көктемінде құрылыс және көлік колледжінің директоры Аманжол Сағынаев Пётр Иванұлына колледжде тәлімгерлікті жалғастыруды ұсынған. Аса тәжірибелі ұстаз әрі өндірісте қаншама тәжірибені көзімен көрген маманды құнды кадр деп білген колледж директоры бұл ұсыныстың қашаннан көкейінде жүргенін айтады.
– Қазіргі кезде өндіріс саласындағы талаптар өте жоғары екені белгілі. Бәсекеге сай, қабілетті жастарды білікті маман етуде Пётр Иванұлы Головирёв секілді ұстаздардың тәжірибесі өте қажет. Себебі, еңбек жолын өндірісте бастаған ұстазымыз тәжірибеге де, білімге де қанық. Оның тәрбиелеген шәкірттері бүгінгі таңда тек ССКӨБ-те емес, еліміздің түпкір-түпкіріндегі кәсіпорындарда жұмысын атқарып, несібесін теріп отыр. Көзі ашық, көкірегі ояу шәкірттер жауһар білімді ұстаздан мүмкіндігінше көбірек үйренгені абзал деген болар едім, – дейді РҚКК директоры Аманжол Сағынаев.
Директордың ұсынысынан бері осы колледжде жол көлігі машисі мамандығындағы оқушыларға тәлім беріп келе жатқан Пётр Иванұлы Головирёв биыл 71 жасқа толып отыр. Әлі де бойында күш-қайраты бар, тағылымы терең ұстаз білім берудің нақты әдісі қашан да тиімді дейді.
– Бірінші курста балалар мамандықпен танысады, екінші курста оның қыр-сырын үйренеді. Үшінші курста дайын маман ретінде білімін тәжірибеде сынап көреді. Осы бірізділік жалғасып отыруы керек. Себебі, мен үйрететін мамандық теміржол саласындағы жауапты қызметтердің бірі, қашан да қауіп қатар жүреді. Колледжге келгеніме 4 жылдан асты. Ұжым өте ұймшыл, керекті жабдықтарға қол жеткізуге колледж басшылығы қашан да ұмтылып отырады. Бұған ССКӨБ жақыннан көмектеседі. Себебі, біріге көтерген жүк жеңіл. Жүк дегенім – еліміздің болашағын сеніп тапсыратын жастардың бүгінгі иемденер мамандығына тұщымды сусындату жолындағы қыруар еңбек, – деп аға ұстаз даналы ойымен бөлісті.

Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив