Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылдыПсихологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды Қостанай облысында ерекше білім беру қабілеттілігі бар жандармен жұмыс істейтін 22 арнайы ұйым бар: 6 мамандандырылған мектеп, 12 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті және 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес кабинеті. Жақында олардың қатарын өңірлік білім басқармасының қолдауымен Рудный қаласында ашылған алғашқы психологиялық-педагогикалық кабинеті толықтырды. Бұл игі іске бюджеттен 21 миллион теңге жұмсалған. Бүгінгі күні Рудный қаласында ерекше білім беру қабілеттілігі бар 2 мыңға жуық бала тіркелген. Ал облыс бойынша олардың саны 10 мыңға жетіп отыр. Облыстық білім басқармасының берген ақпаратына сүйенсек осы балалардың шамамен 70% мамандандырылған білім ордаларындағы, жартылай стационарлар мен арнайы мектепке дейінгі мекемелердегі мамандардың көмегін алып отыр. Осындай мектептерге немесе балабақшаларға бармайтын қалған балалар болса психолог, әлеуметтік педагог, дефектолог және логопед сияқты мамандардың көмегіне облыс орталығына барып жүгінеді екен. Бұл мәселені біршама жеңілдету үшін жуырда психологиялық-педагогикалық кабинеттердің бірі Рудный қаласында ашылып, жыл сайын 150-ге жуық балаға тегін көмек көрсететін болады.
|
Реклама



Последние новости
25-01-2021, 15:16
195
0
25-01-2021, 15:12
180
0
25-01-2021, 15:09
157
0
25-01-2021, 15:06
174
0
25-01-2021, 15:03
187
0
Категория: ---
Теги:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем. Комментарии (0)
|
Популярное на сайте
|