Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» «World Skills» Қостанай 2020

«World Skills» Қостанай 2020

12.10.20
Автор: magnetit
Просмотров: 140
Комментариев: 0

Әлемдік деңгейде өтетін бұл конкурсқа аймақтық іріктеу өтті. Бұл салада өткен және алдыңғы жылға көз салсақ кеншілер қаласының шеберлері көш бастап тұр. Биылғы сайыс та жоғары деңгейде әрі күрделі етіп ұйымдастырылған. Жеңімпазды республикалық және әлемдік жарыстар күтіп тұр. 


Рудный құрылыс және көлік колледжінде World Skills 2020 шеберлік сайысының конкурсы өтті. Әр жыл сайын аймақ бойынша колледж студенттері арасынан мықтылар анықталады. Бұл сайысқа ССКӨБ өз қолдауын көрсетіп келеді. Биылғы түрлі бағыттағы сайыстың бір құзыреттілігі бойынша сайыс өткізу еншісі кеншілер қаласына тиесілі.
– «World Skills» шеберлік сайысы бұл жылы дәстүрлі түрде бесінші рет қатарынан Қостанай облысында 32 бағыт бойынша өтуде. Негізгі сайыс алаңы Қостанай қаласында, ал слесарьлік іс құзыреттілігі бойынша сайыс өтетін алаң ретінде Рудный құрылыс және көлік колледжі таңдап алынды. Оған қатысушылардың саны жетеу. Бақ сынау үшін сайысқа Әулиекөл, Федоров аудандарынан, Қостанай қаласынан және Рудный қаласынан бірнеше қатысушы келген, – дейді Қостанай облыстық Білім басқармасының ТЖКБ бойынша әдістемелік кабинетінің әдіскері Майра Каженова.
Қатысушыларға қойылатын басты талаптар: Әуелден олар биылғы колледж бітірушілері болуы тиіс, соң өз мамандығы бойынша өзін көрсете алған, болашағынан үміт күттіре алатын жастар болуы керек. Бұл құзыреттілік, яғни слесарьлік іс бойынша сынаққа түскендерге қиын тапсырма қойылған. Атап айтқанда мергендікті сынайтын тирде қолданылатын нысананы жасап шығуы керек. Яғни оның құрылысы, механизімі аса күрделі, нақтылықты талап етеді. Сол үшін де қатысушылар темір кесуде өзінің шеберлігін, кәсібилігін дәлелдеуі қажет. Сайыс шарты бойынша үлгіге қарап отырып 7 қатысушы 7 сағат ішінде дайын өнімді жасап шығуы керек болды.
– Біз 2015 жылы Әлемдік деңгейдегі «World Skills» қоғамдастығы құрамына енген болатынбыз. Сол жылдан бастап біздің колледжде бұл шеберлік сайысының ұлттық және аймақтық кезеңдері белсенді түрде өткізіліп келеді. Биыл да дәстүрден жаңылмай слесарьлік іс құзыреттілігі бойынша сайыс біздің колледж қабырғасында өтуде. Дегенмен, жылдағыдан біршама өзгеше форматта. Оған себеп әлемді дүрліктірген пандемия екені белгілі. Сол үшін де салтанатты ашылу және жабылу рәсімін және оған қатысушылар санын қысқарттық. Конкурстың өзі тек талапкерлер мен бақылаушылардың қатысуымен ғана өтеді. Жалпы аймақтық кезеңнің 32 бағыты бойынша нәтиже 4 күнде шығарылатын болса, біздегі бір құзыреттілік бойынша 1 күнде жеңімпаз анықталады. Жылда қаламыздың және колледжіміздің намысын қорғаған студенттер жүлдеден құр қалмаған, – деді РҚКК директоры Аманжол Сағынаев.
Иә, директордың сөзінің дәлелі нәтижеде белгілі болды. «World Skills» шеберлік сайысының сларьлік іс құзыреттілігі бойынша Рудный құрылыс және көлік колледжінің студенті Максим Фоменко жүлдегер атанды. Енді жеңімпаз келесі кезеңге дайындықты бастайды.

Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив