Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Праймериз: демократияға нық қадам

Праймериз: демократияға нық қадам

12.10.20
Автор: magnetit
Просмотров: 223
Комментариев: 0

Биыл Ел тарихында алғаш рет дамыған елдердің тәжірибесімен праймериз (партия ішіндегі сайлау) өткізіліп, оның қорытындысы қатысушылардың да, халықтың да көңілінен шықты. Енді жолы болып, көп дауыс жинаған кандидаттар партияның резервіне еніп, халықтың өзекті мәселелерін шешуге өз үлестерін қосатын болады.


 Тамыз айында басталған праймериз кандидаттарды тіркеу, үгіт-насихат шараларын жүргізу, пікірталасқа қатысу, халықпен кездесу сияқты кезеңдерді қамтыды. Осыдан кейін қазанның 1-4 аралығында партияға мүше азаматтар белсенді әрі сенім артқан кандидаты үшін мобильді қосымша арқылы онлайн немесе сайлау учаскелеріне барып дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. «Нұр-Отан» партиясының «ССКӨБ» аудандық филиалы дауыс берушілер үшін 4 сайлау учаскесін ашып, азаматтарға дауыс беру процесін түсіндірген еріктілерді де жұмылдырды.
– Онлайн дауыс беру өте ыңғайлы. Өйткені азаматтар дауыс беру процесін кез келген уақытта көру мүмкіндігіне ие болды. Дауыс берудің мұндай форматы сайлау комиссиясының жұмысын да жеңілдетті. Сайлаудың алғашқы екі күнінде қала тұрғындары белсенділік танытып, қатысу көрсеткіші 85 пайызды құрады. Бұл орайда мобильді қосымша арқылы дауыс бере алмаған азаматтар үшін сайлау учаскелерінде интернет желісі тартылған компьютерлері бар кабиналар орнатылды, – дейді «Нұр Отан» партиясының «ССКӨБ» аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Александр Макаренко.
Партияның ресми сайтында көрсетілген ақпаратқа сүйенсек, республика бойынша партия ішіндегі дауыс беруге жалпы 662 687 адам қатысқан. Рудный қаласында партияға мүше 14 676 азамат болса, праймеризге 13 198 адам қатысыпты. Александр Макаренконың айтуынша праймериздің барлық қорытындысын азаматтар nurotan.kz және primaries.kz сайттарынан көре алады.
– Рудный қаласында праймеризге 56 кандидат қатысты. Кез келген жағдайда олардың барлығы партияның кадрлық резервіне қабылданатын болады. Сайлауға қатысып, азаматтық белсенділігін көрсеткен әрбір кандидатқа партия атынан алғыс хаттар табысталды. Алдағы уақытта сайлау барысында көп дауыс жинап, рейтинг бойынша жоғары көтерілген кандидаттар қалалық, облыстық маслихат пен мәжілісте өтетін сайлауға қатысатын болады. Менің ойымша еліміздегі алғашқы праймериз жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Барлық қатысушыларға тең мүмкіндіктер ұсынылып, өзекті мәселелер көтерілді. Кандидаттар әлеуметтік желілер арқылы өздерінің бағдарламаларымен таныстырды. Бұл бүгінгі пандемия жағдайында әсіресе ыңғайлы, – дейді партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары.
Республикамызда алғаш рет ұйымдастырылған праймериз сәтті өтті деп нық сеніммен айтуға болады. Оған жоғарыда көрсетілген цифрлар дәлел. Ендеше партия мүшелері сенім артқан кандидаттардың алдағы уақытта сайлау алдындағы бағдарламаларында айтқан жұмыстарға жең түре кіріседі деп сенеміз.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив