Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
Вчера, 17:59
21
0
Вчера, 17:55
10
0
» Күйдіру учаскесінің үздігі

Күйдіру учаскесінің үздігі

19.10.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 036
Комментариев: 0

«ССКӨБ» АҚ-да шығарылатын өнімнің бір түрі – шекемтас. Оны өндіру процесі күрделі әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мәселен шекемтас өндіру цехындағы күйдіру учаскесінде бұл шикізат 1200 градусқа дейін қыздырылып, дайын өнім болып қалыптасады. Осы процестің барлығын учаскенің оператор мамандары қадағалайды. Олардың бірі Жанар Арғымбаева. 


 Жанар Самитқызы шекемтас өндіру цехына 2005 жылы келіп, агломератчик маманы болып орналасқан. Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін кейіпкеріміз басқару пультінің операторы болып ауысқан. Осы уақытқа дейін Жанар Арғымбаева кәсіпті жетік меңгеріп, учаске үздіктерінің қатарына да қосылыпты. Бүгінгі күні кейіпкеріміздің негізгі міндеті күйдіру машинасының өлшемдерін бақылап, жабдықтың негізгі көрсеткіштерін қадағалау болып отыр.
- Атқаратын міндетім бойынша екі машинаның жұмысын қадағалаймын. Оның бірі жаңа типтегі компьютерлермен модернизацияланған. Түйіршіктеу учаскесінен бізге шикізат келіп, осы пештерде күйдіріледі. Пештегі күйдіру процесін жүргізіп, температуралық режимді, агрегаттардың тоқ жүктемесін бақылаймын. Жабдықтардың параметрлерден ауытқуы дайын өнімнің сапасына кері әсерін тигізеді. Сондықтан барлық белгіленген көрсеткіштерді сақтап, технологиялық режимнен ауытқымауға бар күшімді саламын. Бұған қоса жұмыс барысында диспетчермен байланысқа шығып, компьютердегі көрсеткіштерді хабарлаймын, - дейді Жанар Арғымбаева.
15 жылдың ішінде кейіпкеріміз жас мамандарға да тәлімгер болып, шекемтас өндірудің қыр-сырын үйретіп келеді. Бұған қоса кәсіпорында өтетін іс-шараларға белсенді қатысып, бірлестіктің көңілді тапқырлар командасының мүшесі де болған. «ССКӨБ» АҚ-да өтетін «Идеялар фабрикасына» қатысып, өндірісті жақсарту бойынша ұсыныстарымен бөлісетінін айтты.
- Осы уақытқа дейін 5 идеямды ұсынып, оның бірі үздіктер қатарынан да көрінді. 5С стандарты бойынша оператор бөліміндегі құжаттар мен журналдарды сақтау жүйесін жақсартуды ұсындым. Сонымен қатар операторларға арнайы көзәйнектерді беру керектігін айттым. Өйткені жұмыс істеп тұрған аспаптар көп болғандықтан, көздің көру қабілетіне әсер етеді. Бұл ұсынысым да қолдау табады деп сенемін, - дейді Жанар Самитқызы.
Бүгінгі күні Жанар өндірілетін шикізат көлемінің жоспарға сай болуына үлесін қосып жүрген мамандардың бірі. Жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын ол, әріптестерімен де жақсы қарым-қатынаста.
- Жанармен көп жылдан бері бірлесіп еңбек етіп келеміз. Тәжірибелі операторлардың қатарында. Шекемтасты күйдіру процесін жақсы меңгеріп алған. Осы уақытқа дейін жұмысында кемшілік болған жоқ. Жастардың Жанардан үйренері көп деп есептеймін. Оларға тәлімгер болып, оператор мамандығының егжей-тегжейліктерін жақсы түсіндіреді. Болашақта биік белестерді бағындырады деп сенемін, - дейді шекемтас өндіру цехындағы күйдіру учаскесінің ауысым басығы Вячеслав Протасов.
Жанардың ата-анасы да өмірін бірлестікпен байланыстырған азаматтар. Әкесі шахтада еңбек еткен болса, анасы кәсіпорынның техникалық бақылау бөлімінде 39 жыл еңбек етіпті. Тәжірибелі маман өндірісте ғана емес, спорттық шараларда да белсенділігімен танылып келеді. Жаздың ыстық күндерінде кейіпкеріміз бос уақытын бау-бақшада өткізуді ұнатамын дейді. Жанардың бүгінгі мақсаты – бірлестіктегі жұмысын тиянақты орындап, әрі қарай мансап баспалдағы бойынша көтерілу. Ол үшін кен алыбында барлық жағдайлар жасалған деп отыр.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив