Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Уақытылы жөндеу маңызды

Уақытылы жөндеу маңызды

19.10.20
Автор: magnetit
Просмотров: 408
Комментариев: 0

Өндірістік кәсіпорынның негізгі кенін тасымалдайтын техникалар – бұл алып самосвалдар болып есептеледі. Әрине, кен тасымалдауда электровоздар да қолданылады. Дегенмен, қазылған кеннің басым бөлігін карерьден алып шығатындар осы ауыр әрі қуатты техникалар. Олардың жұмысқа жарамдылығын автокөлік жөндеу цехы қамтамасыз етіп отырады. Әр ауысым сайын бір емес, бірнеше техникаға қызмет көрсететін бұл цехтың жұмысымен жақыннан таныстық.


 «ССКӨБ» АҚ технологиялық жабдықтарды жөндеу басқармасының автокөлік жөндеу цехында бүгінгі таңда өндіріс тасымалын өндіріп жүрген HITACHI-1100 маркалы самосвалдар жөндеуден өтуде. Жөндеу жоспарлы және ағымдағы болып бөлінеді. Сонымен қатар техникалық қызметтер, атап айтқанда май мен сүзгілерді ауыстыру да осы цехта жүргізіледі.
– HITACHI-1100 маркалы ауыр техникаларды «ССКӨБ» АҚ 2016 жылдан бері қолданып келеді. Өзінің қолайлылығы мен тиімділігі арқасында талапқа сай келетін техника. Жүк көтерімділігі 65 тонна. Қозғалтқышы да айтарлықтай қуатты, 670 ат күші бар. Басқару да өте ыңғайлы. Әсіресе карьерде жүруге ыңғайластырылған. Жүргізушілер үшін барлық жағдай жаратылған. Біздің міндет оларға уақытылы техникалық қызмет көрсетіп, жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етіп отыру, – дейді «ССКӨБ» АҚ ТЖЖБ АЖЦ №1 ТҚҚжәнеАЖ учаскесі бастығының міндетін атқарушы Дәуренбек Жүсіпов.
Автокөліктерді жөндеу цехында орналасқан №1 техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу учаскесіне HITACHI-1100 маркалы автосамосвалдардың бірі кезектегі жөндеу жұмыстарына алып келінген. Мамандардың айтуынша қозғалтқышты салқындататын радиаторында ақаулықтар болыпты. Оны жөндеуге 2 слесарь жұмылдырылған. Техниканы қалпына келтіруге 1 ауысым уақыт жеткілікті дейді учаске бастығы.
– Қазіргі уақытта бізде дәл осындай тағы екі техника жөндеуден өтуде. Біреуінің шанағын қалпына келтіру керек, екіншісі техникалық байқауға алып келінген. Осы ауысым соңына дейін жұмыстар аяқталуы жоспарланған. Әр ауысым сайын осындай жоспарлы және ағымдағы жөндеулер жүргізілген 3-4 техниканы бақылаудан өткізіп, кенішке аттандырып отырамыз. Олардың басым бөлігіне аса күрделі болмаған жөндеулер жүргізіледі. Себебі, қуатты техникалар өте шыдамды болып келеді, – дейді Дәуренбек Мырзабекұлы.
Жалпы №1 техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу учаскесінде 90 адам ауысым бойынша жұмыс істейді. Негізінен цехта автокөлік жөндеуші слесарьлер қызмет етеді. Сол мамандардың шеберлігінің арқасында бірлестіктегі мыңдаған техниканың жарамдылығы сақталуда. Себебі, маңызды деп танылған уақытылы жөндеу жұмысы бір жүйеде жүргізіледі. Айта кеткен жөн, кен тасымалдауда, өндіріс жоспарының орындалуында техникалық қызмет көрсетушілер мен ағымдағы жөндеушілердің еңбегі ерен.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив