Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
18-01-2021, 18:12
184
0
18-01-2021, 18:08
185
0
» Мұражайға бір жыл

Мұражайға бір жыл

26.10.20
Автор: magnetit
Просмотров: 268
Комментариев: 0

Өткен жылы Рудный қаласындағы №7 мектеп-гимназиясына қазақ зиялысы әрі жазушысы Бейімбет Майлиннің есімі беріліп, салтанатты шарада жазушының ұрпақтары мен өңіріміздің танымал ақын-жазушылары Ақылбек Шаяхметов пен Серікбай Оспанов ағаларымыз да қонақ болған еді. Сол кезде дара тұлғаның құрметіне арнап мектеп әкімшілігі білім ордасының қабырғасында Би ағаның атындағы мұражайды ашқаны есімізде. Міне арада өткен бір жыл ішінде мектеп мұражайы көптеген жаңа жәдігерлермен толықты.


 Бүгін №7 мектеп-гимназиясының қабырғасында ашылған мұражайға бір жыл толып отыр. Оған Би ағаның есімі берілгендіктен, мұндағы жәдігерлердің басым бөлігі жазушының өмірін бейнелейді. Осындай құнды жәдігерлердің арасында жазушының ұрпақтарымен мұражайға тарту етілген құнды кітаптар, естеліктер, Ілияс Жансүгіровпен алмасқан хаттарды ерекше атап өтуге болады.
- Осы мұражайдағы құнды заттардың арасында Бейімбет Майлиннің қызы Рәзияның аяулы әкесі жайлы жазған естелік шығармалары бар. Сонымен қатар шөбересінің мектеп мұражайына сыйға тартқан «Үш Арыс» кітабын да атап өтуге болады. Сондай-ақ бұл мұражайда 19-шы ғасырдан бері сақталып келетін ағаш табақ пен киіз үйдің жасақтарын оқушыларымызға көрсете аламыз, - дейді Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нұргүл Ыбыраева.
Мектеп қызметкерлерінің айтуынша Би ағаның өмірі ұстаздар мен оқушылар үшін өшпес мұра, бай қазына болып табылады. Сондықтан мұғалімдер мен оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, қалалық, облыстық және республикалық ғылыми конференциялар мен сайыстарға жиі қатысып, жүлделі орындарға ілігіп жүр.
- Бұл мұражайды «Рухани жаңғыру» бағдарамасы бойынша қазақ халқының әдебиетін, мәдениеті мен тарихын дәріптеу үшін, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртып, қазақтың белгілі ақын-жазушыларымызға құрмет көрсетіп, олардың еңбектерін болашақ ұрпақтарымызға жеткізу мақсатында ашқан едік. Би ағаның өмірі және шығармашылығымен байланысқан құнды заттармен қатар, мұнда оқушыларымыздың мектеп үйірмелерінде жасаған қолөнер заттары да қойылған, - дейді мектеп мұғалімі.

Мектеп басшылығының айтуынша мұражай қорын толықтыруға оқушылардың өздері мен ата-аналары да үлес қосып отыр. Бірі ата-бабаларынан қалған ескі заттарды сыйға тартқан болса, біреулері өз қолдарымен жасаған заттарын ұсынады екен. Айтып өтейік бүгінгі пандемия жағдайында мұражайдың жұмысы тоқтап тұрған жоқ. Мұндағы қызметкерлер арнайы бейне роликтерді әзірлеп, оқушылар үшін онлайн-саяхаттарды дайындап қойған екен. Алдағы уақытта Би ағаның шығармашылығына арналған үлкен жобаларымызбен де таныстырамыз деп отыр.

Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив