Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
18-01-2021, 18:12
184
0
18-01-2021, 18:08
185
0
» Тарихтан сыр шерткен кітап

Тарихтан сыр шерткен кітап

26.10.20
Автор: magnetit
Просмотров: 259
Комментариев: 0

Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің құрылғанына биыл 80 жыл. Осы айтулы күнмен байланысты бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Солардың бірі ретінде жуырда колледж қабырғасында тарих ғылымдарының докторы жазған кітап таныстырылды. Онда Қазақстан Республикасының әртүрлі саласында жұмыс істейтін 20 мыңнан астам түлекті тәрбиелеп шығарған осы білім беру мекемесі туралы құнды деректер жазылған. 


 1940 жылы төңкеріске дейін орыс-қырғыз мектебі болған және өзінің тарихын Ыбырай Алтынсариннен бастаған Боровской қазақ мектебі негізінде Меңдіқара педагогикалық училищесі ашылып, кейінірек оған көрнекті ағартушының есімі берілген. Құрылған күннен бастап 34 жыл өткен соң, мекеменің керегесі кеңейіп, дамып келе жатқан жас қалаға, Рудныйға ауыстырылады. Дәл осы жылдары оқу орны қазіргі кездегі «әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» мәртебесін алды. Тарих ғылымдарының докторы Айдар Айтмұхамбетов осы оқу орнының тарихын дерлік 5 саусағындай біледі. Колледж директорының өтінішін қабылдай отырып, тарихшы колледждің монографиясын жинақтаған. Тарихшы білім беру мекемесінің 80 жылдығына орайластырылған ардагерлермен және оқытушылармен кездесу кезінде Ыбырай Алтынсарин колледжі туралы бірегей кітаптың тұсаукесерін өткізді.
– Мен ғылыми дектерді жинақтай бастаған бірінші күннен-ақ Меңдіқара педагогикалық училищесінің тарихына үңілдім. Неге десеңіз, әріден бастағанды жөн көрдім. Жинақталған тарихи құжаттардың мені таң қалдырғаны ешқандай белгісіз қалатын жәйттардың жоқтығы. Барлық уақыттағы өзгерістер, училищенің оқытушылары, білім ордасының жетістіктері – барлығы құжатқа жіті түсірілген, – дейді Тарих ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқытушысы Айдар Айтмұхамбетов.
80 жылдық тарихы бар білім беру мекемесі туралы түрлі құнды ақпараттар бұрыннан жинақталғанымен монография түріндегі ғылыми еңбек алғаш рет жазылды. Айдар Айтмұхамбетовтің тәжірибесінде бірнеше осыған ұқсас басылымдары бар, олардың бірі, атап айтқанда, ХХ ғасырдың бірінші жартысында поляктарды Қазақстанға депортациялауға арналған. Жазушы үлкен көлемдегі мәліметтермен қалай жұмыс істеу керектігін жақсы біледі. Рудныйдағы оқу орны туралы архивтік мәліметтерге қаныққан Айтмұхамбетов жүзден астам дереккөздерді зерттеген. Осылайша 1940 жылдан 1970-ші жылдарға дейінгі, яғни колледж Меңдіқара ауданында орналасқан кезеңге арналған, кітаптың бірінші томын жазып шықты.
– Осы жобамен жұмыс істей бастағанымда мәліметтердегі анықтық жұмысымды жеңілдетті. Тек ресми есеп берілген құжаттар емес, директорлардың жиыны болсын, оқытушылардың жетістігі болсын, барлығы кеңінен жазылған. Кітаптың мазмұнын байытуға да осы анықтық септігін тигізді. Оқырман үшін тек құжаттардың көшірмесін емес, білім ордасының нағыз эмоцияға толы тарихын ұсынып отырмыз, – деді Айдар Айтмухамбетов.
Кітаптың тұсаукесері қаншама естеліктерді еске салғандай. Кездесу барысында бұрынғы колледж оқытушыларына арналған басылым беттері блиц түрінде таныстырылды. Содан кейін әр қонаққа және кейіпкерлерге бірінші томның бір-бір данасы табысталды. Осы білім ордасымен тағдыры байланған Александра Аксенованың еңбек жолы Боровской мектебінен басталып, Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде аяқталған. Ол колледж тарихында алмасып отырған бес директордың үшеуімен жұмыс істеген. Сол жылдарда ол орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, сонымен қатар директордың орынбасары болып та қызмет атқарған. Ол өзіне таныс фамилияларды қайтадан естігеніне риза болды және автордың монография жазудағы аса мұқияттылығына таң қалды, сонымен бірге басылымның мазмұнына байланысты жеке пікірін білдірді.
– Тек құжатқа сүйеніп құр ақпарат пен статистика жазылмаған, әдеби жандасқаны оқырманды баурап алады. Бұл тарихпен байланысты адамдардың көзі тірілері бар, сол кейіпкерлер өздерін көргенде қуанышқа бөленері сөзсіз, – дейді Александра Аксенова.
Мүмкін автор жазып аяқтағалы тұрған кітаптың екінші томында естеліктерге орын бөлетін шығар. Бұл колледждің 80 жылдық мерейтойлық іс-шараларының соңы емес, әлі жалғасады. Келесі кезекте - кәсіптік білім беруді дамытудың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарда тұрғанын Колледж директоры Жомарт Құсайын мәлімдеді. Іс-шара 2 қарашада өтеді.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив