Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Өндірістің өсімі біліктілердің қолында

Өндірістің өсімі біліктілердің қолында

26.10.20
Автор: magnetit
Просмотров: 337
Комментариев: 0

«ССКӨБ» АҚ Металл илектеу зауытының жас шебері Олжас Маянов осылай деп есептейді. Құрыш білекті маманның айтуынша, сапалы металл өнімін шығару үшін ең алдымен білім мен біліктілік, шыдамдылық пен жауаптылық керек.


 Олжас Дәуітұлы зауыттың илектеу цехына 2014 жылы келіп, алдымен слесарь-жөндеуші болып еңбек еткен. Көршілес Өзбекстан елінен көшіп келген ол, сол жердегі мемлекеттік тау-кен институттарының бірінде алған білімі мен дағдыларының арқасында бір жылдың ішінде шебер лауазымына дейін көтеріліпті. Олжастың зауыттағы бүгінгі міндеті – бірлестік цехтары мен ERG тобына кіретін кәсіпорындарға қажетті дайын өнім түріндегі ұнтақтағыш шарлар мен өзектерді шығару жұмысын қадағалау.
– Зауыттың илектеу учаскесінде өндірілетін өнім сондай-ақ Ақсу, Ақтау, Павлодар қалаларындағы кәсіпорындар мен Дөң кен байыту комбинатына экспортталады. Бүгінгі күні илектеу цехында 54 адам жұмыс істеп жатыр. Олар 4 ауысымға бөлініп, жұмыс тоқтаусыз жүреді. Менің міндетім осы жұмысшыларға бас-көз болып, жұмыс процесін ұйымдастыру, – дейді Металл илектеу зауытының шебері Олжас Маянов.
Жас маман Рудный қаласындағы кен алыбына орналасуды Өзбекстанда жүрген кезінде мақсат етіп қойыпты. Өйткені Олжасқа ең алдымен екі елдегі өндірістердің ұқсастығы ұнаған. Бұнымен қоса қаланың жағдайы мен келбеті де көңілінен шыққан.
– Өзбекстанда Науаи тау-кен институтын тәмамдап, сол жердегі кәсіпорындардың бірінде шебер, ауысым бастығы болып еңбек еттім. 2014 жылы жанұямызбен бірге Рудный қаласына қоныс аудардық. Қараша айында «ССКӨБ» АҚ-на келіп, металл илектеу зауытына орналастым. Бастапқыда кран қызметінің слесарь-жөндеушісі болып, бір жылдың ішінде институтта алған білімім мен біліктілігімді көрсете білдім, – дейді Олжас Дәуітұлы.
Бүгінгі кейіпкеріміз бірлестіктегі «Идеялар фабрикасы» жобасына да қатысып, тың идеяларымен жиі бөліседі екен. Солардың бірі бүгінгі күні зауыт жұмысына енгізіліп, нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр. Дәлірек айтсақ өнім өндіру кезінде жұмсалатын шығын көлемін азайтуға септігін тигізген.
Олжас Маянов бірлестік болашағына зор сеніммен қарап отыр. Заманның сын-тегеуріндеріне қарамастан бұл кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп келе жатқан өндірістердің бірі деп есептейді. Бүгінгі күні жас маман отбасын құрып, үш баланың әкесі атанды. Ер азаматқа жүктелген міндетті толық орындадым деген ол, алдағы уақытта бірлестік жұмысын жақсартатын идеяларды көптеп ұсынып, жұмыстың жоспарлы орындалуына ден қоямын деп отыр.

Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген
Жарасқан Бекназарұлы

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив