Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
18-01-2021, 18:12
184
0
18-01-2021, 18:08
185
0
» Спорт шебері атанған кенші

Спорт шебері атанған кенші

02.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 162
Комментариев: 0

Талай доданы қақ жарған балуан, аймақтық, республикалық, тіпті халықаралық жарыстарда еліміздің және Рудный қаласының атын асқақтатып жүрген «ССКӨБ» АҚ «Соколов» шахтасының тау-кен қызметкері Талғат Жиентаев еліміздің спорт шебері атанды. Бұл ұлттық құраманың мүшесі болды деген сөз. Спортшы бұған тыңғылықты дайындық пен алға қарай ұмтылуының арқасында қол жеткізіп отыр.


 ҚР Мәдениет және спорт министірлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің нөмір 37 бұйрығына сәйкес «самбодан Қазақстан Республикасы спорт шебері» атағы мен куәлігі Талғат Жиентаевқа ресми түрде табысталды. Талғатпен қатар аймақтық полиция департаментінің қызметкері Әлібек Темірбаевқа осындай мәртебе бұйырып отыр. Естеріңізге сала кетсек 2019 жылы өңіріміздің самбошылары Семей қаласында өткен ҚР Кубогінің жеңімпаздары атанып, тарихи нәтижеге қол жеткізген болатын. Соның ішінде Талғат пен Әлібек жеке кездесулерінде қарсыларстарына мүмкіндік бермей, айқын жеңіске жеткен болатын.
– Бұл атақ қаншама жаттығу мен жеткен жүлделеріміздің арқасында бұйырып отыр. ҚР спорт шебері куәлігі сәт сайын мойныма елдің жүгі, намысы артылғанын есіме салып тұрады. Бұл одан әрі шыныға түсуге, биік шыңдарды бағындыра беруге күш-жігер беретіндей. Бұйырған болса еліміздің атын әлемге танытуды мақсат еттік, – дейді Талғат Жиентаев.
Ағымдағы жылдың 4-9 қараша аралығында Сербия елінің Нови-Сад қаласында самбодан Әлем чемпионаты өтуі жоспарлануда, бірақ кәзіргі таңда елді дүрліктіріп жатқан жағдайға байланысты самбодан ҚР ұлттық құрама командасының қатысуына күмән туып тұр. Бабында жүрген спортшыларымыздың бағы ашылып, әлем чемпионатына қатысуына мүмкіндік туса, еліміздің көк туын желбіретіп, әнұранымызды шырқататына сеніміз мол.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив