Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Ашық есік күні өтті

Ашық есік күні өтті

03.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 343
Комментариев: 0

Қазақстанда төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеген ширек ғасыр ішінде оның қызметкерлері өздерінің жоғары кәсіби деңгейлерін ғана емес, сонымен бірге нағыз ерліктерін бірнеше рет дәлелдегенін ешкім жоққа шығармас. Жанқиярлық еңбегі үшін, сондай-ақ ұйымның құрылғанына 25 жыл толуына орай, бүкіл елде үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімдері өтуде. Сонымен қатар, мереке қарсаңында жергілікті Төтенше жағдай басқармасында Рудный қаласының оқушылары үшін ашық есік күні өткізілді. Іс-шара барысында жастарға төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігі, сондай-ақ өмірді сақтауға көмектесетін мамандандырылған машиналар мен жабдықтардың арсеналы көрсетілді. 


 Оқушылар ғимараттың жоғарғы қабаттарындағы өртті сөндіруге арналған, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бекетіне жақында алып келінген арнайы техниканың жұмысымен танысты. Бұл баспалдақ, ең алдымен, жалын адамдарды шарасыз қалдырғанда, сыртқа шығу жолдарын жалмағанда, қылтимадан немесе терезеден азаматтарды құтқарып алуға арналған.
Баспалдақты техникадан басқа, биыл өрт сөндіру жасағының паркі КамАЗ маркасындағы қосымша автоцистерна машинасымен толықтырылды. Осылайша, бүгінгі күнде арнайы техниканың тоғыз бірлігі құтқарушыларға қызмет көрсетуде, оның мүмкіндіктері мен функциялары ашық есік күнінде мектеп оқушыларына кеңінен таныстырылды. Тек 2020 жылдың өзінде бұл көліктер Рудный өрт сөндірушілеріне 80-ге жуық өртті ауыздықтауға және жоюға көмектесті.
– Бүгінгі шараға Рудный қаласы мектептерінен оқушылар шақырылған. Биыл Төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Кәсіби мерекемізге арналған іс-шаралардың бірі осы. Мақсат оқушыларға қызметіміздің қыр-сырын көрсету. Біздегі техникалармен қатар өртті сөндіру кезіндегі құтқарушылардың лездік әрекетін де көрсеттік, – дейді Қалалық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Дәурен Саринов.
Жас ұрпақпен өзара кездесудің бұл түрі құтқарушы мамандығының беделін көтеруге ғана қызмет етпейді. Бұл ішінара кадр мәселесін шешуге де арналып отырған шара. Құтқарушы жұмысының қыр-сыры бойында қызығушылық танытқан балалар болашақта осы мамандықты таңдауы әбден мүмкін.
– Мен бала кезімде өрт сөндіру қызметі жанындағы үйде өскенмін. Олардың әрекеттерін күнде көргенім санама сіңген болар, өмірлік бағытым осы қызметпен байланысты болды. Бүгінгі шараға қатысып отырған оқушыларда да осындай қызығушылықтың оянуы әбден мүмкін. Себебі, шара барысындағы негізгі мақсатымыз тек техникалар мен құтқарушылардың қызметін ғана көрсетіп қоймай, балалардың санасында құтқарушылық қызметіне деген ынтаны ояту көзделген. Барлық құтқару құралдарын көзімен көріп, қолымен ұстаған әрбір бала құтқарушы боламын десе, оларды дайындайтын оқу орны бар. Ол институт Қазақстан бойынша жалғыз, Көкшетауда орналасқан, – деді Дәурен Саринов.
Сарапшылар құтқарушылар қатарына қосылу үшін оқушыларға ҰБТ мен дене шынықтыру пәні бойынша барлық стандарттарды ойдағыдай тапсыруы керек дейді. Сонымен қатар, қауіп-қатерге толы бұл мамандыққа деген көзқарасты қазірден қалыптастырып, ойша дайындығын пысықтап жүру керектігін де ескертті. Себебі, төтенше жағдай кезінде бұл мамандар өз жанын қауіп-қатерге тігіп, басқанын жанын құтқаруға ұмтылады. Қиындығына жараса құрметке лайықты қызмет.

Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив