Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Оң бағасын берді

Оң бағасын берді

03.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 364
Комментариев: 0

Өткен аптада Рудный қаласының жаңа әкімі Қуандық Испергенов бірқатар жергілікті өндіріс объектілерін аралап,өңір мақтанышы болып саналатын «ССКӨБ» АҚ-да болды. Бұл жерде қала әкімі кен алыбының «Соколов» кеніші, шекемтас өндіру цехы және металл илектеу зауыты сияқты ірі нысандарда болып, жұмыс барысымен танысты. 


 Рудный қаласының жаңа әкімі Қуандық Испергенов бірлестікке жасаған сапарын алдымен шекемтас өндіру цехынан бастады. Бұл жерде шығарылатын өнім ел кәсіпорындарымен қатар көршілес Ресей мен Қытай елдерінде үлкен сұранысқа ие. Мұнда жыл сайын шамамен 7,5 млн тонна темір кенінің концентраты өндірілетін болса, дайын өнім түріндегі шекемтастың көлемі жылына 5 млн тоннаны құрайды. Әкімді цех жұмысымен таныстырған бірлестік президентінің міндетін атқарушы Сергей Кузьменконың айтуынша, цехтағы күйдіру учаскесінде шикі өнім 1200 градусқа дейін қыздырылып, стандартқа сай келетін қасиеттеріне ие.
– Қазіргі уақытта шекемтас өндіру цехында 9-шы және 12-ші күйдіру машиналары уақытша консервацияға қойылған болса, цехтағы 8 күйдіру машиналары үздіксіз жұмыс істеп тұр. Осы машиналардың арқасында жылына 5 млн тонна өнім шығарып отырмыз. Бүгінгі таңда цехтың осы учаскесінде 900 адам жұмыс істеп жатыр. Егер машиналардың барлығы толықтай іске қосылатын болса, шамамен 1100 адам жұмысқа жұмылдырылады», – дейді «ССКӨБ» АҚ президентінің міндетін атқарушы Сергей Валентинович.
Шекемтас өндіру цехының жұмысымен жете танысқан қала басшысы металл илектеу зауытында болып, темір өнімдерін өндіру процессін өз көзімен көрді. Мамандардың айтуынша бүгінгі таңда зауыт жұмысшылары диаметрі 35-45 мм-ді құрайтын шарлар мен өзектерді шығарумен шұғылданып жатыр. Бұл өнім бірлестік цехтарымен қоса, Еуразиялық топтың Ақсу, Ақтау, Павлодар қалаларындағы кәсіпорындары мен Дөң кен байыту комбинатына экспортталып, өнімге деген қажеттіліктерін толықтай өтейді.
– Зауытта шығарылатын металл шарлар мен өзектер бірлестіктің байыту учаскесіндегі алып диірмендерге салынып, кеніштен әкелінген кенді қажетті көлеміне дейін ұсақтайды. Бұл жерде барлығы 17 секция бар. Әрбір секцияда 2 диірменнен жұмыс істеп тұр, – дейді бірлестік президентінің міндетін атқарушы.
Сондай-ақ Сергей Кузьменконың айтуынша, шар шығаруға қолданылатын шикізат ретінде, кәсіпорын бөлімшелерінен келіп түсетін темір сынықтары қолданылады екен. Егер қандай да бір жабдық істен шығып, бөлшектенетін болса, онда металл сынығы қайта балқытылып, шар түріндегі өнім болып шығарылады. Сергей Валентинович Қуандық Испергенов мырзаға соңғы уақытта кәсіпорында қолға алынған санитарлық-тұрмыстық бөлмелерді күрделі жөндеу жұмыстары жайлы баяндап берді. Сапар соңында қала басшысы кен алыбының жұмысына оң бағасын беріп, өндірістің бұдан әрі ұлғайып, жаңа жұмыс орындарының ашылатынына сенім білдірді.


Ерғали Убайдуллаев
Бейнесурет

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив