Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Мерейлі мәуліт

Мерейлі мәуліт

09.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 328
Комментариев: 0

Ардақты Алла елшісі Исламның асыл құндылықтарын адам бойына сіңіру үшін басқаларға өнеге көрсете отырып, бар күш-жігерін сарып етті. Сүйікті пайғамбарымыз әрбір кісіге ерекше мән беріп, оның ұстазына айналды.


 Екі дүние абырой-сағадатының жол басшысы – өзінің Пайғамбарлық ғұмырында бүкіл адамзатқа тура жолды көрсетіп, әлемді нұрға бөледі. Тәлімгер ұстаз – надандықты – ғылыммен, тағылықты – мәдениеттілікпен алмастырып, мейірімсіз қатал адамдарды Жаратқаннан қорқатын, қайырымды да турашыл жандарға айналдырды. Асау тұлпардай жұлқынып, бағыну дегеннің не екенін білмейтін жандарға, заңға мүлтіксіз бағыныштылықты үйретті.
Қадірлі ағайын! Рудный шаһарының тұрғындары! Міне, бұл айтылғандар ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның өнегелі ғұмыр кешкенінің бір көрінісі ғана. Алла елшісінің өмірімен жақыннан танысқан сайын, біз оның қай ісінің де үлгі-өнегеге лайық екенін көреміз.
Құранда Алла Тағала: «Алла пайғамбарына рахым етіп абыройын жоғарылатады, дәрежесін көтереді. Періштелерде соны қалап дұға етеді. Уа, мұсылмандар, сендер де расулаллаға салауат айтыңдар, сәлем жолдаңдар» - делінген. Салауат бұл – дұға-тілек дегенді білдіреді. Салауат айту – күнәлардың кешірілуіне сеп болады. Хадисте: «Кімде-кім маған бір рет салауат айтса, Алла ол адамға 10 рет салауат айтады. 10 қателігі кешіріліп, 10 дәреже көтеріледі»-делінген. Тіпті салауат айта отырып тілеген тілектің қабыл болатыны жайлы да риуаяттар бар. Соның бірін Омар (р.ғ) былай жеткізеді: «Жасалған дұғалар, жеріне жетпестен бұрын жер мен көктің ортасында тұрады. Ол Пайғамбарымызға салауат айтқан кезде ғана жетеді». Сондықтан, осындай мүбарак мәуліт айында Алла елшісіне көп-көп салауат айтып, Оны жан-тәнімізбен сүйіп, Оның біздерге қалдырған баға жетпес сүннет жолын дұрыс ұстана білейік.
Құрметті бауырлар! Қазан айының 28-нен бастап ай бойы мүбарак мәуліт айы аталып өтпек. Осынау айда мүмкіндігімізше «Аллаһуммә салли ғалә сәиидинә Мұхаммәд»-деп салауатты көбейтуге тырысайық. Салауат айтуды айналамыздағы ағайын-туысқа, балаларымыз бен дос-жарандарымызға насихат етуді ұмытпайық.
Алла тағала осынау айтулы мейрамның аясында әз пайғамбарды жақсырақ танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді баршаңызға нәсіп етсін. Еліміз қауіпті індеттерден аман болсын, науқас жандардың дерттеріне шифа, дендеріне Алла саулық берсін. Егемен еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздік тұғыры берік болғай!


Бектұрсынқажы ТОРҒАЙБАЙҰЛЫ
Рудный қалалық «Нұр» мешітінің
бас имамы

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив