Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Мақсаты айқын – арманы асқақ

Мақсаты айқын – арманы асқақ

09.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 309
Комментариев: 0

Қостанай өңірінің мақтанышы саналатын «ССКӨБ» АҚ-да жастарға қолдау көрсетіліп, олардың білікті маман болып қалыптасуы үшін барлық қолайлы жағдайлардың жасалғаны белгілі. Бүгінде кен алыбында жастар үшін білім беру, қайта даярлау, біліктілікті арттыру сияқты көптеген бағдарламалары қолға алынып, мансап баспалдағы бойынша жылдам көтерілуіне мүмкіндік беріліп отыр. Кәсіпорында еңбек ететін мамандардың бірі Әлишер Жиенбаев те бірлестіктің осындай мүмкіндіктерінің арқасында слесарь-жөндеушіден жетекші маманға дейін өскен.


 Әлишер Бұхарбайұлы бүгінгі күні бірлестіктегі Технологиялық жабдықтарды жөндеу цехының арнайы зертханасында еңбек етіп жатыр. Оның жұмыстағы негізгі міндеті – бірлестік бөлімшелерінен келіп түсетін тапсырыстар бойынша, инженер-құрастырушылармен дайындалған сызбаларға сәйкес техника бөлшектерінің, өндіріске қажетті құрал-саймандардың жасалу процесін қадағалау. Бұнымен қоса кейіпкеріміз осы зертханада еңбек етіп жатқан слесарь-жөндеушілердің, металл жонушылар мен дәнекерлеушілердің жұмысына бас-көз болумен шұғылданады. Бұл жауапты лауазымға Әлишер осы жылы тағайындалыпты.
- Еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру бойынша арнайы зертхана мамандары бірлестіктің барлық бөлімшелеріне қызмет көрсетеді. Мұндағы мамандар жұмысшылардың еңбегін барынша жеңілдету үшін әртүрлі құрал-саймандарды жасаумен шұғылданады. Бұл қымбат бағалы шетелдік үлгілерін сатып алғаннан әлдеқайда тиімді. Сонымен қатар жабдықты жеткізуге жұмсалатын уақытты да үнемдейді. Қазір зертханада 24 адам жұмыс істеп жатыр. 13 жұмысшы менің қарамағымда болса, қалғандары бөлімшелердегі мұздатқыш және салқындатқыш техникаларды жөндеумен шұғылданады, - дейді арнайы зертхананың жетекші маманы Әлишер Жиенбаев.
Кейіпкеріміз Өзбекстан Респу-бликасындағы Науаи облысының тумасы. Отбасымен бірге кеншілер қаласына көшіп келгеннен кейін Әлишер Рудный индустриялық колледжге түсіп, 2009 жылы «электромеханик» мамандығы бойынша дипломын алған.
- Колледждегі оқуыммен қатар жергілікті серіктестіктердің бірінде күзетші болып еңбек еттім. Мамандығым бойынша құжатымды алғаннан кейін «ССКӨБ» АҚ-на жұмысқа орналасу шешімін қабылдадым. Себебі достарым да осы кәсіпорынды таңдауға кеңес берді. Сол кездегі бос жұмыс орындар тізімі бойынша технологиялық жабдықтарды жөндеу цехының арнайы зертханасына келіп, слесарь-жөндеуші болып орналастым. Арада екі жыл өткеннен кейін басшылық маған шебер болу ұсынысын жасап, көп ойланбай келістім. Енді міне арада шамамен 7 жылдай өткеннен кейін жетекші маман болып тағайындалдым. Бұл жастарға беріліп отырған зор мүмкіндік деп есептеймін, - дейді жас маман.
Әлишер жұмыстан бос уақытта туған-туыстарына, достарына, көршілеріне көмек қолын созудан аянбайды. Себебі әкесі Бұхарбай ағамыздың берген тәрбиесі осындай. Бірінің есігін жөндеп берсе, бірінің қорғанын қалыпқа келтіруге ат салысады екен. Мақсаты айқын жігіт келер жылы біліктілігін арттыру үшін жоғарғы оқу орнына түсемін деп отыр. Соның арқасында кәсіпорынның гүлденуіне үлес қосатын тәжірибелі мамандардың қатарына қосылғым келеді дейді.


Ерғали Убайдуллаев

Суретті түсірген
Жарасқан Бекназарұлы

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив