Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары

Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары

16.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 158
Комментариев: 0

Қазіргі жаһандану заманында білім стандарттарына сай жаңа оқыту платформаларымен сапалы сабақ өткізу - білікті ұстаздың басты міндеті болып табылады. Осыған орай Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастыруымен «Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары» атты онлайн тәжірибе алмасу семинары болып өтті.


Мұғалім қауымына ерекше ой салар бұл семинардың алғашқы бөлімін Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ директоры Гүлжазира Ғинятқызы «Заманауи мұғалімнің цифрлық құралдары» атты мұғалімдерге арналған оңтайлы жобасымен таныстырып, оқыту барысындағы білім сапасын арттырудағы ерекше үрдістерді атап өтті. Гүлжазира Ғинятқызы қашықтан оқытудағы ең тиімді «Online Test Pad» және «Кundеliк.кz» платформалары жайында өзінің озық тәжірибесімен бөлісіп, заманауи цифрлық құралдарды нақтылап айтып берді.
Келесі ретте «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Гүлмира Талғатқызы «МOVAVI» бағдарламасының бейне сабақ түсірудегі тиімділігін тілге тиек етті. Мұндағы бізге ұнаған құнды ақпарат видеомен сабақ көрсетудің ерекше әдістері болды. Сондай-ақ бұл бағдарламаның ақысыз, бейнероликті ерекше өңдеу әдістермен қарқынды жұмыс жасау түрлерін, жазуды бастау уақытын белгілеуге болатынын баяндады.
«Қазақ тілін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» деп аталатын семинардың келесі ретін Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Салтанат Қалижанқызы жалғастырды. Мұғалім қауымына беймәлім әдіс-тәсілдердің жаңа толқынын сездірген бұл жоба, сабақ барысында сәйкестендіру, саралау, белсенді оқытуға үйретудің нақты ақпараттарымен толықтырып өтті.
Семинар соңында сабақ оқытудың түрлі тиімді тәжірибесін тыңдаған мұғалім қауымы ұйымдастырушылар алқасына сұрақтарын қойып, екі тарап бір-бірімен пікір алмасты. Қосымша ақпараттар айтылып, семинар ұйымдастырушылары сабақ оқытудағы қосымша өздеріне тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларын көпшілікке паш еткен семинар ұйымдастырушыларына барлық қатысушы ұстаздардың алғысы шексіз. Осындай оңтайлы әдіс-тәсілдерімізбен жиі бөлісіп тұрсақ, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазіргідей қашықтықтан білім беру жағдайында мұғалімдер қауымына қолдау көрсетіп, іс-тәжірибелерін жетілдіруге көмек қолын соза білген қалалық тілдерді оқыту орталығына ризашылығымды білдіремін.


Наргүл Қарағұлова
Рудный қаласы
«№15 орта мектебінің»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив