Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Мерейлі марапат

Мерейлі марапат

16.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 316
Комментариев: 0

Биылғы жыл Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледж қызметкерлері үшін ерекше. Өйткені осы жылы Ы. Алтынсарин атындағы білім ордасының құрылғанына 80 жыл толып отырған болса, жуырда ғана колледжді 24 жыл басқарып, артында өшпестей із қалдырған ұлағатты ұстаз Досмағұл Сүймековтың суреті салынып, есімі жазылған ескерткіш тақтасы колледж қабырғасына ілінді.


 Әлемге кеңінен таралған пандемия жағдайында, колледждің 80 жылдығы кеңінен тойланбаса да жыл басынан бері білім ордасының қабырғасында мерейтойға орай мәдени-танымдық жиындар, ғылыми-практикалық конференциялар мен ұстаздардың кездесуі сияқты бірқатар маңызды іс-шаралар болып өтті. Осындай шаралардың ең маңыздысы өткен аптада колледж қабырғасында ұйымдастырылып, білім ордасында шәкірт болған, ұстаздық еткен азаматтардың басын қосқан халықаралық ғылыми-практикалық конференция түрінде өткізілді. Бұл шара Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 80 жылдығымен де қатар келіп отыр. Сондықтан конференцияның тақырыбы да өзекті – «Жаһандану дәуіріндегі кәсіптік білім беруді дамытудың өзекті проблемалары: тарихы, тәжірибесі, практикасы».
Конференция барысында қазіргі кәсіптік білім беру саласындағы маңызды мәселелер қарастырылып, 2020-2025 жылдарға арналған еліміздегі білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізгі тармақтары талқыланды.
- Бүгінгі конференцияның ұйымдастырушы комитетіне қазіргі кәсіптік білім беруге байланысты жан-жақтан 195 мақала келіп түсті.Олардың барлығы Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Әл-Фараби сияқты қазақ педагогикасының негізін қалаушылардың бай рухани мұрасын зерттеуге, ұлттық құндылықтарымызға сүйене отырып, жастарды оқытудың инновациялық әдістерін пайдалану тәжірибесін таратуға және бәсекеге қабілетті маманды даярлаудың негізгі проблемаларын шешуге бағытталатын болады. Конферециямызға педагогтармен бірге осы жерде білім алған 17 студенттің қатысқаны қуантты, - дейді колледж директоры Жомарт Құсайын.
Конференция барысында колледжің 80 жылдығына орай бірқатар ұстаздар арнайы марапатқа ие болды. Колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Валентина Головановаға ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты берілген болса, мамандандырылған пән мұғалімдері Әлия Қыпшақбаева мен Галина Гиматдиноваға облыс әкімінің және білім беру басқармасының грамоталары табысталды. Сонымен қатар осы оқу ордасында білім алып, бүгінгі күні лауазымды міндеттерді атқарып жүрген Жанна Джамбурчина, Мурат Искаков, Мұқан Ноғаев, Марал Боқаева және Ольга Нуштаева сияқты бірқатар азаматтар естелік жұлдызшаларымен марапатталды.


Ерғали Убайдуллаев
Сурет жеке мұрағаттан алынды

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив