Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Дәнекерлеуші – дәріптейтін мамандық

Дәнекерлеуші – дәріптейтін мамандық

16.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 192
Комментариев: 0

Кез келген өндірістік жетістіктердің артында өз мамандығына адал, еңбекққор жандардың тұратыны сөзсіз. Мысалы, бір ғана «ССКӨБ» АҚ Өнеркәсіптік кешеннің өзінде жүздеген дәнекерлеуші жұмыс істейді. Олар негізгі және қосалқы құрал-жабдықтардың бүтіндігін, сондай-ақ күрделі жөндеулердің сапалы өтуін қамтамасыз етіп келеді. 


  Дулат Аблазиевтың Кен дайындау және байыту цехында еңбек етіп келе жатқанына 9 жылдан асты. Өзбекстан Республикасы, Үшқұдық қаласының тумасы 2008 жылы кеншілер қаласына қоныс аударып, бірден қазіргі Көлік және құрылыс колледжіне «электр және газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша оқуға түседі.
– Игере алсаң, мамандықтың жақсы-жаманы болмайды. Қазіргі таңда дәнекерлеуші мамандығы еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Кез келген жерге барып, жұмысқа орналасуға болады. Өз ісіңді сүйіп, тапқырлық пен жауапкершілік танытсаң, мансапта өсуге жол ашық. Мен кен алыбына 3-ші разрядты дәнекерлеуші болып жұмысқа қабылдандым. Қазір 5-ші разрядтамын. Жұмысым өзіме ұнайды. Ең бастысы, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек, – дейді Дулат.
Жас маманның жұмыс күні таңертеңгі 7.30-да басталады. Наряд қабылдап, байыту учаскесіндегі сепаратор, вакуум-сүзгі жабдықтарын жөндеумен айналысады. Әріптестері мен басшылары жас жігіттің ұқыптылығын, жауапкершілігін ерекше бағалайды. Жақында кейіпкеріміз өзі еңбек етіп жатқан цехтың «Құрмет тақтасынан» көрінді. Цех басшылығының мұндай құрметіне кейіпкеріміз дән риза екендігін айтады.
–Дипломнан басқа қосымша «слесарь-жөндеуші», «стропальщиктің» куәліктерім бар. Алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсіп, білімімді шыңдауды жоспарлап отырмын. Алға қойған мақсаттарым көп. Елім аман, жұртым тыныш болып, кәсіпорынның дамуына өз үлесімді қосып, еңбекте биік жетістіктерге жетуді армандаймын, – дейді ол.
Дулат бос уақытында спортпен айналысып, отбасымен демалғанды ұнатады. Отбасы демекші, жас жігіт үйдің кенжесі. Оның әкесі, туған ағасы мен әпкесі де «ССКӨБ» АҚ бөлімшелерінде жұмыс істейді. Ендеше, іске сәт, кеншілер әулеті!


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ

Суретті жеке мұрағаттан алынды

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив