Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» «Донор күні» өтті

«Донор күні» өтті

16.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 198
Комментариев: 0

Донор болу - өзгенің өмірін құтқару деген сөз. Сондықтан жыл сайын республиканың барлық аймақтарында «Донор күні» акциясы кеңінен өткізіліп келеді. Мұндай игі іс-шарадан Рудный қаласы да қалыс қалмауда. Жақында Қостанайдағы облыстық қан орталығының бастамасымен, «ССКӨБ» АҚ жұмысшылары арасында осындай кезекті акция өткізіліп, қан тапсыруға ниет білдіргендердің көптігімен ерекшеленді.


Осындай шаралардың бірі кәсіпорын қызметкерлері арасында соңғы рет 2018 жылы ұйымдастырылып, қан тапсыруға ниет білдірген жандардың көпшілігімен ерекшеленген болса, биылғы акцияға қатысушылар саны да медицина мамандарының көңілінен шығып отыр. Дәрігерлердің сөзінше таңнан бастап түске дейін «Қан тапсыр-өмір сыйла» атты акцияға бірлестік бөлімшелерінен 60-қа жуық жұмысшы қатысқан.
– Қостанай қаласындағы облыстық қан орталығының мамандары біздің кәсіпорнымызға жүгініп, бірлестік басшылары акцияны қолдау шешімін қабылдады. Біз алдын ала «ССКӨБ» АҚ барлық бөлімшелеріне хабарландыру жасап, донор болуға шақырдық. Қан тапсыруға келген азаматтардың барлығы бұл қадамын өздерінің парызы деп есептейді. Биылғы қатысушылардың саны да көңілімізден шығып отыр, – дейді «ССКӨБ» АҚ спорт жөніндегі үйлестірушісі Мәди Қамбаров.
Медицина мамандарының айтуынша бүгінгі күні қан орталығына қанның барлық топтары қажет. Сондықтан қан тапсыруға ниет білдірген жандар donor-kostanay.kz мекенжайы бойынша орталықтың арнайы сайтына кіріп, қажетті ақпаратпен мұқият таныса алады. Сол жерде қан тапсыру орталықтары мен бөлімшелердің де жұмыс кестесі көрсетілген.
– 18 жасқа толған және тиісті медициналық тексерістен өтіп, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ кез келген азамат «донор» бола алады. Ол үшін ең алдымен азаматтың саусағынан қан алынып, тексерістен өткізіледі. Донордан алынған қан 4 ай бойы орталықтың карантин бөлімінде сақталып, қан тапсырған азамат тексерістен өту үшін қайтадан шақыртылады. Осыдан кейін барлық көрсеткіштер дұрыс болып, алынған қан қауіпсіз деп саналғаннан кейін медицина ұйымдарына жіберіледі, – дейді «Облыстық қан орталығы» КММ терапевт дәрігері Раушан Жантоғұлова.
«Донор күні» акциясынан бөлек, Рудный тұрғындары үшін облыстық қан орталығының мамандары аптаның бейсенбі күндерінде Мира көшесі 24 мекенжайы бойынша сағат таңғы 9.00-ден бастап түскі 13.00-ге дейін қабылдау жүргізеді екен. Оған кез келген қала тұрғыны қатысып, қан қорын толтыруға үлес қоса алады. Сонымен қатар қан тапсырған азаматқа 0,25 АЕК көлеміндегі сыйақы беріліп, жұмыс орнынан қосымша демалыс күнін алу құқығына ие болады екен.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив