Салық төлеушілердің назарына!Рудный қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары көлік, жер және мүлік салығы бойынша берешегі бар азаматтарды жылдың аяғына дейін жарияланып отырған салық амнистиясына қатысуға шақырып отыр. Енді ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін салықтар бойынша негізгі қарыз сомасын төлесеңіз, қарыз үстіне қосылған өсімпұл толық шегерілетін болады. Бұл жеңілдік биылғы жылдың 1-ші қаңтарына дейін қалыптасқан жеке тұлғалардың барлық салық берешегіне қатысты қолданылады. Жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарының берген ақпаратына сүйенсек, бүгінгі күні қаламыз бойынша шамамен 21 мың азаматтың салық берешегі бар. Салықтар бойынша қарыздардың жалпы сомасы 86 миллион теңгеден асып отыр. Берешектің басым бөлігі көлік салығы бойынша қалыптасқан және қаламыздың 3 мыңға жуық азаматы бюджетке 78 миллион теңгедей қарыз екен. Ал жер және мүлік салығы бойынша 18 мың азамат бюджетке 8 миллион теңге берешек. Салық қызметкерлерінің айтуынша тұрғындардың салық төлеуден жалтаруы, бюджеттің азаюына, салдарынан тиісті әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылмауына әкеп соқтырады. Ерғали Убайдуллаев |
Реклама



Последние новости
3-02-2023, 15:33
365
0
3-02-2023, 15:08
315
0
30-01-2023, 12:48
1 251
1
30-01-2023, 12:46
1 032
0
30-01-2023, 12:42
1 104
0
Категория: ---
Теги:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем. Комментарии (0)
|
Популярное на сайте
|