Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
18-01-2021, 18:12
184
0
18-01-2021, 18:08
185
0
» Жаңа бастама

Жаңа бастама

23.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 386
Комментариев: 0

Осыдан жарты жыл бұрын жергілікті мүгедектер қоғамының өкілдері өңірде ұйымдастырылған «Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесіне» қатысып, кір жуатын орын жобасымен 150 мың теңге көлеміндегі грантты ұтып алған. Бұдан кейін бұл жоба республикалық деңгейдегі конкурсқа ұсынылып, Тұңғыш Президент қорынан тағы 3 миллион теңгенің жеңімпазы атанды. Осылайша қоғам өкілдері ұтып алынған қаржыға қажетті жабдықтарды сатып алып, жаңа кір жуатын орынның тұсау кесерін өткізді.


 Рудныйдағы мүгедектердің ерікті қоғамының төрағасы Санаш Есжанов арнайы кір жуатын орынды ашу идеясын осы жылдың мамыр айында ұсынған. Екі конкурстан жеңіп алынған қаржыға қоғам өкілдері 6 кір жуатын, 4 кептіретін машиналарын, үтік басқыштар мен тұрмыстық техниканың қажетті бірлігін сатып алып, мүгедектер қоғамының ғимаратынан ашылып отырған кір жуатын орынға күрделі жөндеу жүргізген.
– Жөндеу жұмыстарына 450 мың теңге жұмсадық. Қалған қаржыға қажетті жабдықтардың барлығын сатып алдық. Өткен жылы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулысына бірқатар өзгерістер енгізіліп, әлеуметтік қызмет көрсететін мүгедектердің қоғамдары еліміздің тауарлар мен қызметтердің тізіліміне енгізілді. Осының арқасында оларға біраз басымдылықтар беріліп отыр. Енді келер жылдан бастап кір жуу қызметтерін ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуды жоспарлап отырмыз. Соның нәтижесінде бұл жерде құлағы әлсіз еститін 4 азаматты тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеміз, – дейді мүгедектер қоғамының төрағасы.
Санаш Есжановтың айтуынша бүгінгі күні мүгедектер қоғамында 43 адам еңбек етіп жатыр. Осындай жобаларымен қоғам өкілдері әлеуметтік тапсырыстар санын қысқартып, әлеуметтік кәсіпкерлікке қарай бет бұруды көздеп отыр. Салтанатты шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Елена Скаредина жаңа бастамаға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.
– Мұндай жобалар мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеуге, оларға қолайлы жағдай жасап, табыс табуына мүмкіндік береді. Бүгінгі күні осындай әлеуметтік жобаларға Тұңғыш Президентіміздің қоры да үлкен көмек көрсетіп отыр. Қордан қомақты қаржы бөлініп, әлеуметтік идеялар жан-жақты жүзеге асырылуда. Біз осы жобаға жақсы жарнамасын жасауға тырысатын боламыз, - дейді қала әкімінің орынбасары.
Бұл Рудныйдағы мүгедектердің ерікті қоғамымен жүзеге асырылып отырған әлеуметтік кәсіпкерлік бағытындағы алғашқы жоба емес. Бүінгі күнге дейін қоғам өкілдері техникалық қызмет көрсету станциясын, автожуу орталығын, шаштараз және тағы басқа шағын кәсіпорындарды ашу бойынша жұмыстарды атқарған. Соның арқасында бірқатар мүмкіндігі шектеулі жан тұрақты жұмыс орнымен қамтылып отыр.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив