Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
18-01-2021, 18:12
184
0
18-01-2021, 18:08
185
0
» Көптен күткен құнды жабдық

Көптен күткен құнды жабдық

23.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 390
Комментариев: 0

Келесі айдан бастап Рудный тұрғындары басқа қаладағы емдеу мекемелеріне бармай-ақ, ағзаны толық диагностикадан өткізу мүмкіндігіне ие болмақ. Өйткені жуырда облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен, жергілікті көп бейінді ауруханаға алғаш рет МРТ аппараты сатып алынып, оны орнату жұмыстары басталды. Аурухана мамандарының айтуынша жаңа магниттік-резонанстық томография аппараты ағзадағы әртүрлі жасырын кеселдерді дер кезінде анықтап, азаматтарға уақтылы көмек көрсетуге септігін тигізетін болады. 


 Медицинаның бүгінгі дамыған заманында аурудың түрін анықтап, науқас адамға нақты диагнозды қою үшін әртүрлі диагностикалық жабдықтардың кеңінен қолданылатыны белгілі. Олардың арасындағы ең маңыздысы әрі диагностикалау көрсеткіші жағынан ең тиімдісі – магниттік-резонанстық томография аппараты. Мұндай жабдық адамның ішкі органдарын толық зерттеп, анық әрі кеңейтілген түсірілім жасауға мүмкіндік береді. Рудный қаласына жеткізілген жаңа томограф шетелдік «Hitachi» фирмасымен шығарылған.
Қалалық көп бейінді аурухананың рентгенологиялық бөлім меңгерушісі Ольга Каримованың айтуынша, бұдан бұрын рудныйлық пациенттер Лисаков және Қостанай қаласындағы ауруханаларға барып, МРТ диагностикасынан өтуге мәжбүр болған. Тексерістің мұндай түрі әдетте созылмалы бас ауруына шалдыққан пациенттерге, омыртқасының дегенеративті өзгерістерін, өт жүйесінің, буындары мен кіші жамбас органдарының патологиясын анықтау үшін, пациенттердің онкологиялық ауруларын анықтау және аурудың динамикасын бағалау үшін тағайындалады екен. Магниттік-резонанстық томография аппаратының жұмысы сканерге ұқсас болғандықтан, магниттік өріспен зерттеу арқылы адамның ішкі құрылысының толық бейнесін алып, ағзадағы өзгерістер мен жасырын кеселдерін анықтауға мүмкіндік береді.
- Ағзаны тексерудің бұл әдісі басқалардан өзінің толықтай қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Өйткені бұл жерде сәулелік жүктемесі жоқ және қарсы көрсетімдері өте аз. Тек қана адамдардың денесінде металдан жасалған эндопротездер болмауы керек. Біздің ауруханамызда бұл аппаратта жұмыс істейтін мамандарымыз жеткілікті. Соңғы жылдары рентгенология бөлімшесіне резидентурадан жас мамандар көптеп келді. Олар сәулелік диагностиканың барлық түрлерін, КТ, УДЗ, МРТ, рентген сияқты барлық әдістерін жақсы меңгеріп алған, - дейді аурухананың рентгенологиялық бөлім меңгерушісі Ольга Владимировна.
МРТ аппаратын монтаждауды аяқтап, оны іске қосуды мамандар 15-ші желтоқсанға дейін жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл орайда процедурадан өту құны қанша болатыны әзірше белгісіз. Бірақ мамандардың сөзінше, 2020 жылдан бастап қазақстандықтар мұндай зерттеуден медициналық жолдама бойынша тегін өту мүмкіндігіне ие. Өйткені осы жылы МРТ-диагностикасы міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру пакетіне енгізілген.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив