Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
18-01-2021, 18:12
184
0
18-01-2021, 18:08
185
0
» Адал еңбек – адам көркі

Адал еңбек – адам көркі

23.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 367
Комментариев: 0

Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды. Қала құрушы кәсіпорын, «ССКӨБ» акционерлік қоғамының мақсаты осынау құндылықтарды құнттау, еңбекқор азаматтардың беделін көтеру, өнімді еңбек етуге ынталандыру екені сөзсіз. Сондай еңбек сүйгіш жастардың бірі – Маемгенов Темірхан Советханұлы. Кейіпкеріміз заман көшінен қалмай, бүгінгі таңда бірлестікте белді қызмет атқарып келеді. 


 М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің түлегі 2008-2011 жылдар аралығында энергетик мамандығын игерген. Көршілес Өзбекстаннан Ата жұртқа қоныс аударған Темірхан 2014 жылы Рудный қаласын мекендеген. Қала тынысымен алдынан таныс болған жас маман ССКӨБ-те еңбек етіп, болашағын осы кәсіпорынмен байланыстыру мақсатында кеншілер қаласын таңдағанын айтады. Білікті мамандарды қос қолдап демейтін бірлестік Темірхан Советханұлын өз мамандығы бойынша жұмысқа қабылдайды.
– Рудныйға қоныс аударғанда қолымда ЖОО сырттай тәмамдаған дипломым бар еді. Сол бойынша еш кедергісіз ССКӨБ мені жұмысқа қабылдады. Содан бері бірлестіктің Сарыбай кен өндіру кешеніне қарасты Соклов кенішінің тау-кен электрлі жабдықтарын жөндеу учаскесінің энегетигі болып жұмыс істеп келемін. Негізгі міндетім – карьердегі экскаваторлардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Күнделікті бақылау жүргізу арқылы экскаваторлардың электрлі қосалқы бөлшектерін жөндеу жұмысына алдын ала дайындап отырамыз. Бір сөзбен айтқанда баптаушы мамандармен біргелікте күнделікті экскаватор жұмысын қадағалау және өз уақытында сынақтан өткізу, тексеріп отыру – басты атқаратын жұмысым болып табылады, – дейді Темірхан Маемгенов.
Жастайынан экскаваторлардың жұмысына бүйрегі бұрып тұратын қасиеті Темірханды осы мамандыққа жетелепті. Карьердегі алып техникаларды көріп, жақыннан танысқан сайын қызығушылығы арта түскен. Энергетик қызметін 6 жылдан астам уақыттан бері атқарып келеді. Осы жылдар аралығында өзінің өжеттілігі мен жұмысқа деген құлшынысы, жауапкершілік сезімі – басшылықтың жас маманды жоғары марапатқа ұсынуға себеп болған. Жуырда ғана Темірхан Советханұлының суреті бірлестіктің бас басқармасы қабырғасында ілулі тұрған құрмет тақтасына ұсынылды, алдыңғы қатарлы қызметкерлер ретінде көпшілікке үлгі етіп көрсетілді.
– Бұл марапат әрине мен үшін мақтаныш. Дегенмен, оның артатын жауапкершілігі басымырақ. Өзіме көбірек сеніммен қатар жақсы жұмыс нәтижесін танытатын үміттің де артылғанын түсіндім. Осы ынта маған алдағы уақытта көбірек еңбек етуге күш берді. Бірлестіктегі жаратылған мүмкіндіктерді кеңінен пайдалануға үміттімін. Бір ғана мысал, «Идеялар фабрикасы» жобасының қаншама мамандарға үлкен жол ашқанының куәсі болудамыз. Мен де бірнеше идеялар ұсынғанмын. Өз салама қатысты әлі де ұтымды идеяларым бар, алдағы уақытта пысықтап, басшылықтың назарына паш ету жоспарымда тұр. Алға қойған мақсатым – бір орында тапжылмай отыра бермей, өрге өрлей беру, өндіріс қарқынын арттыруға үлес қосу, мәнсап жолында мүмкіндігінше жоғарылау, – дейді кейіпкеріміз.
Иә, Темірханда оған сай мүмкіндік те, тәжірибе де жеткілікті. Алғаш жұмысқа келген сәтте жас мамандар арасында өткізілетін кәсіби шеберлік сайысында 2016 жылы ІІ орынды, 2017 жылы үздік біріншілікті иелеп, қатарынан оза шапқан болатын. Бұл Темірханның өз ісінің шебері екенін дәлелдейді.
Темірхан Советханұлы білікті маман болумен қатар бір отбасының тірегі және асқартау «әке» атағына да ие болған. Өмірлік жары Арумен бірге Нұржайна есімді қызды тәрбиелеп отыр. Өмір жолын бірізділікпен жалғап келе жатқан кейіпкерімізге алдағы тұщымды жоспарларыңыз ойдағыдай орындалсын дейміз.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Суретті түсірген Ерғали НӘБИҰЛЫ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив