Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
18-01-2021, 18:12
184
0
18-01-2021, 18:08
185
0
» Күрделі жөндеу – өндіріске демеу

Күрделі жөндеу – өндіріске демеу

23.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 396
Комментариев: 0

«ССКӨБ» АҚ кен дайындау цехының байыту учаскесінде орналасқан №2 технологиялық секцияға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Ауқымды жұмыстар инвестициялық бағдарлама аясында қазан айының ортасында басталған және тек қосалқы бөлшектерді ғана емес, сонымен қатар жабдықтарды ауыстыру қолға алынған. 


 Өндіріс кешеніндегі байыту учаскесі темір кені концентратын өндірудің соңғы кезеңі болып табылады. Үлкен цехта жабдықтардың шуы күндіз де, түнде де басылмайды. Себебі, 17 технологиялық секция сағатына 125 тонна дайын өнімді беріп отырады. Үздіксіз өндіріс процесі және жоспарланған көрсеткіштердің мінсіз орындалуы үшін ағымдағы жөндеу технологиялық учаскелердің әрқайсысында үш айда бір рет, ал сегіз жыл сайын күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл №2 секциядағы жөндеу жұмыстары жуырда ғана басталып, бүгінгі таңда қыза түскен.
– Біз конвейрлерді қайта құрамыз және қажетті жабдықтарды орнатамыз. 18 сепаратордың барлығы түгелдей жаңасына алмастырылады, сонымен қатар барлық металл құрылымдарды, құбырларды толығымен ауыстырамыз, әр вакуумдық сүзгіге жаңа қосалқы бөлшектер орнатамыз, сонымен қатар резеңке төсемдер, редукторлар мен диірмендерге арналған күрделі жөндеулер жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда секция түбегейлі өзгереді. Мүмкіндігінше жабдықтардың жаңасын қолданамыз. Қауіпсіздік басты назарда. Негізгі мақсат – жөндеу нәтижесінде өндіріс қарқынын арттырып, алтыннан қымбат уақытты үнемдеу көзделген, – дейді «ССКӨБ» АҚ ӨК механика бөлімінің бастығы Алексей Шталь.
Бұл екінші секциядағы күрделі жөндеу жұмыстары 14 қазанда басталған. Бұған дейін №3 секцияда ауқымды жөндеу жүргізіліп, жұмысқа түскен болатын. Қазіргі таңдағы күрделі жөндеу 2021 жылдың наурыз айына дейін жалғасуы жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстарын «Энерго-решение» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бұл мердікерлік ұйым өндіріс кешенінде үшінші ауқымды күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алған. Жөндеуші мамандардың жалпы саны 90 адамға жетеді.
– Өндіріс жоспары алдын ала түзілгенде жөндеу жұмыстары да есепке алынады. Оның ішінде ағымдағы және күрделі жөндеу де бар. Күрделі жөндеудің ауқымдығы соншалық, келесі жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Дегенмен, ертерек аяқтауға үміттіміз. Секциялар толықтай жұмысқа түскенде өндіріс жоспары да жетік орындалады. Сол үшін де жөндеу жұмысын ертерек аяқтап, концентратты керекті деңгейді жеткізуді көздеп отырмыз, – деді Алексей Шталь.
Қазірге жөндеу жұмыстары жоспарланғандай еш кедергісіз жалғасуда. Қажетті құрал-жабдық пен техникалар жеткілікті дейді бас механик. Қоймада керекті бөлшектердің 90 пайызы сақадай сай тұр екен. Тек оларды өз орнына қолдану ғана қалып отыр. Алдағы уақытта бөлімше мердікерлердің жұмысын нақты қадағалап, сапалы нәтиже алуға ниетті. Алдағы 5 ай көлемінде толықтай жаңа кейіпке енетін кен дайындау және байыту цехының №2 секциясы өндіріс қарқынын одан әрі арттыруы күтілуде.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив