Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Кәсіпті нәсіп еткен отбасы

Кәсіпті нәсіп еткен отбасы

30.11.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 491
Комментариев: 0

Қостанай өңірінің кен алыбы саналатын «ССКӨБ» АҚ-да бір әулет болып еңбек етіп жатқан жұмысшылар аз емес. Солардың бірі Бірмахановтар отбасы. Бұл әулет Рудный қаласына Өзбекстан Республикасынан қоныс аударған. Кеншілер қаласы Бірмахановтар үшін үлкен өндіріс орнымен, қаланың көрікті көшелерімен және жұмыс орындарының көптігімен ұнаған. 2011 жылы әулет басшысы Асубай Балымбетұлы үлкен ұлы Жалғасбаймен бірге «ССКӨБ» АҚ-дағы шекемтас өндіру цехына келіп, осы күнге дейін кәсіптерін нәсіп етіп жүр.


 

 Бүгінгі күні әкелі-балалы Бірмахановтар Шекемтас өндіру цехының күйдіру учаскесінде еңбек етіп жатыр. Екеуінің де таңдаған мамандықтары бір. 2011 жылдың қазан айында Асубай Бірмаханов ұлы Жалғасбаймен бірге бірлестік жанындағы кадрларды дайындау және оқыту орталығына келіп, агломератчик мамандығын игеріп алған. Бастапқыда бір бригаданың мүшесі болған олар, білікті әріптестері мен шеберлердің көмегімен жұмыстың қыр-сырын жетік меңгерген.
- Өзбекстан Республикасындағы кәсіпорындардың бірінде слесарь-жөндеуші болып еңбек еткендіктен, өндірістен, техникадан біраз хабарым бар. Міне, сондықтан Рудный қаласына қоныс аударғаннан кейін ұлым екеуміз «ССКӨБ» АҚ-на келдік. Сынақ мерзімінен өтіп, 3 және 4 разрядқа дейін өстік. Балам тіпті 5 разрядқа дейін көтерілді. Әкелі-балалы болып бір цехта еңбек етудің артықшылығы көп. Бір-бірімізден кеңес сұрап, жұмысты тиянақты орындауға тырысамыз. Міне, осындай тиянақты әрі сапалы жұмысымның арқасында биылғы жылы бірлестік басшылығы атынан алғыс хат пен ақшалай сыйлықақыға ие болдым, - дейді Асубай Бірмаханов.
Асубай Балымбетұлы 3-ші бригаданың көрікші маманы болса, ұлы Жалғасбай учаскедегі 4-ші бригаданың құрамында. Әкелі-балалы жұмысшылар жұмыс ауысымын «наряд» тапсырмасын алудан бастап, учаскедегі конвейер, желдеткіш және сорғы сияқты құрылғылардың ақаусыздығын тексеру, олардың тазалығын және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етумен шұғылданады.
- Әкем көрікші маманы болса, мен агломератчик болып жұмыс істеймін. Міндетім бойынша жұмысты басқа ауысымнан қабылдап, күйдіру машиналарының температурасын, түйіршіктеу бөлімінен келетін шекемтас құрамын қадағалаймын. Сондай-ақ күйдіру машинасының операторымен бірге әрдайым байланыста болып, бірлесе жұмыс істейміз. Күйдіру процесі үздіксіз қадағалауды талап еткендіктен, 12 сағаттық ауысым бойы машиналардың дұрыс әрі ақаусыз жұмысына үлкен назар аударамыз. Егер бір сәтке қадағалаусыз қалдыратын болсақ, өндірілетін өнім сапасы өзгеруі мүмкін, - дейді Жалғасбай Асубайұлы.
Асубай Бірмахановтың айтуынша оның кенже баласы да өз болашағын «ССКӨБ» АҚ-мен байланыстыруды жөн көріп, технологиялық жабдықтарды жөндеу цехына дәнекерлеуші болып орналасқан. Еңбекқор әке сондай-ақ балаларының жұмыспен бірге оқуды да қатар алып жүргенін мақтан етеді. Мысалы Асубай ағамыздың тұңғышы Лисаков қаласындағы техникалық колледждің сырттай бөлімінде білім алып жатыр екен. Міне, осындай талпыныс пен қажырлы еңбектің арқасында, ер азаматтар өзінің болашағына сеніммен қарайды.


Ерғали Убайдуллаев

Суретті түсірген
Жарасқан Бекназарұлы

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив