Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
21-09-2020, 15:34
63
0
» Өндіріс

Өндіріс

25.10.19
Автор: magnetit
Просмотров: 324
Комментариев: 0

Өндіріс

Жылжымалы шеберхана

Қоржынкөл алаңына жаңа техника алынды

 Қоржынкөл алаңында автокөліктерді бұзылған орнында жедел жөндеуге арналған «КамАЗ» базасынының жылжымалы шеберханасы  жұмысқа кірісті.

Сенімді техника  кез келген жол және ауа райы жағдайында көмекке жетуге қабілеті жоғары және замауилығы тұрғысынан үнемі жетілдіріліп отырады. Осы қасиеттері үшін де «КамАз» автокөліктерін жасап шығаратын зауыт  техникалары бүкіл әлемде жоғары бағаланады. Біз тілге тиек еткелі отырған «КамАз» осындай мүмкіндіктермен жабдықталған, оның міндеті басқа өндіріс алаңдарындағы техникаларға қиын жағдайларда көмектесу болып табылады. Дәл осы мақсатта бұл техника ССКӨБ-тің Қоржынкөл басқармасына алып келінген.

– Бұл техника «КАМАЗ» жылжымалы автокөлік жөндеу шеберханасы болып табылады. Оның ерекшелігі өндіріс алаңдарында қысқа мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізу өте ыңғайлы. Оған дәнекерлеу құрылғысы орнатылған. Сонымен қатар, автокөлікті жууға арналған кёрхер де бар. Оны жөндеу жүргізуден алдын падаланады, – дейді «ССКӨБ» АҚ АКБ 1-АКЦ №17 автоколоннаның механигі Дмитрий Шелест.

Қарапайым тілмен айтқанда, бұл техника өндіріс алаңдарында жүрген басқа да техникаларға шағын жөндеу жұмыстары қажет болғанда жіберіледі. Яғни, бірнеше тонналық жүк көліктерінің майын ауыстыру, бірер құрылғысын егеп немесе дәнекерлеу, авариялық жарық шамдары лайдан көрінбей жатса оларды жуу, балгарка, жону және тесу құралы, тағы басқа да көптеген мүмкіндіктерге ие. Осылардың ішінде мамандарды май ауыстыру мүмкіндігі көбірек қуантады. Енді ол үшін карьерде жүрген техниканы жөндеу боксына әкелу шарт емес.

– «БелАЗдар» енді май құю орнына келмейтін болды. Бұл қызмет қажет болса мен барамын, қай жерде жүрген болса майын ауыстырып беремін. Осылайша жанармайды да құю мүмкіндігіне иеміз. Бұл алдымен уақытты үнемдеп, өндіріс қарқынын тоқтатпауды қамтамасыз етеді, – дейді жаңа техниканың жүргізушісі Евгений Грабаль.

Қоржынкөл алаңында осыған ұқсас жылжымалы шеберханаға ие екі бірдей техника бар. Алдағы уақытта «Камаз» базасының су таситын техникасы келеді деп күтілуде. Оның көмегімен кенішке ауызсу және техникалық су жеткізілетін болады.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив