Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
» Олимпиадаға бір қадам

Олимпиадаға бір қадам

14.12.20
Автор: magnetit
Просмотров: 902
Комментариев: 0

Көздегені – олимпиадаға жолдама. Рудныйлық балуан Мирас Баршылықов алға қойып отырған осындай мақсатына жету үшін соңғы екі жылда жаттығуларын күшейтіп, грек-рим күресі бойынша өткен бірқанша чемпионаттардың жеңімпазы атанып жүр. Жас балуанның жүлделер қоры қарашаның 19-26 аралығында Алматыда өткен Қазақстан Чемпионатында тағы да бір алтын медальмен толықты.


Мирас Баршылықов осыдан бірнеше жыл бұрын, әртүрлі деңгейдегі жарыстарда көрсеткен жоғары нәтижелерінің арқасында, ұлттық құрама бапкерлерінің назарына іліккен. Осындай спорттық талпынысы мен жеңіске ұмтылуы жас балуан үшін Қазақстан құрамасынан көрінуге мүмкіндік беріп, шеберлігі мен техникасын шыңдауға жол ашты. Тәжірибелі бапкерлердің арқасында игеріп алған барлық күрес әдістерін сауатты қолданып келетін ол, қарсыластарын қатарынан жығып, отандық және шетелдік чемпионаттардың қатысушысы және жеңімпазы атанып жүр.
- Өткен жылы грек-рим күресі бойынша Қазақстан Чемпионатына қатысып жүлдегер болсам, биылғы додалы сайыста алтынға қол жеткіздім. Бұл пандемия жағдайында өткен алғашқы ірі жарысымыз болды. Көптеген танымал спортшылар қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Жақын арада Алматы қаласындағы жиындарға қайта аттанамын, - дейді Қазақстан чемпионы.
Мирастың қараша айында өткен чемпионаттағы жеңісі тек өзіне ғана емес, бүкіл облыс құрамасы үшін маңызды. Рудныйлық балуан өңір құрамасы атынан жарысқа түскендіктен, оның алтын медалы командамыздың көшбасшы орындардан көрінуіне септігін тигізген.
- Қостанай облысынан 10 спортшы болып қатыстық. Солардың арасында тек өзім ғана алтын медальға қол жеткіздім. Жарыстың көрерменсіз өтуі де спортшыларға әсер етті деп ойлаймын. Өйткені көрермен болса күресуің де басқаша өрбитін еді - дейді Мирас Баршылықов.
Қазақстан Чемпионаты аясында үздік атанған спортшылар дәстүр бойынша әлдеқайда беделді сайыстарға қатысу жолдамасын алады екен. Бұл орайда Мирастың жеңісі оған 2021 жылдың ақпан айында өтетін Азия Чемпионатына қатысуға мүмкіндік беріп отыр. Рудныйлық балуан үшін бұл, өміріндегі ең жауапты кезең, өйткені оның аясында балуандар олимпиада ойындарына қатысуға арналған лицензия үшін таласады. Мирастың арманы және көздеген мақсаты осы додалы сайыстан жеңіспен оралу болып отыр. Ендеше жас балуанға сәттілік серік болсын дейміз.


Ерғали Убайдуллаев
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив