Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
120
0
19-04-2021, 16:36
159
0
» Тәуелсіздік марапаты

Тәуелсіздік марапаты

21.12.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 318
Комментариев: 0

Еліміздің айтулы мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында қалалық әкімдікте салтанатты жиналыс өтті. Оған Рудныйдың өркендеуі мен көркеюіне атсалысқан қаланың бірқатар құрметті азаматтары шақырылды. Олардың көп жылғы ерен еңбегі еленіп, атқарған жұмысына тиісті баға беріліп, мемлекет тарапынан марапат табысталды.


 Салтанатты жиынға қырық екі қала тұрғыны шақырылды. Отырыс белгіленген тазалық шараларын сақтаумен өтті. Мерекелік шараға күнделікті өмірде, әсіресе, қауіпті індетпен күресу кезеңіндегі аса маңызды кәсіп иелері – медицина мен құқық қорғау қызметінің өкілдерімен қатар, кеншілер қаласының дамуына зор үлес қосып келген құрметті ақсақалдар, өндіріс мамандары, құтқарушылар мен коммуналдық сала қызметшілері және еріктілер қатысты.
Қала әкімі Қуандық Испергенов шараға қатысушыларды еліміздің төл мерекесімен құттықтап, кәсіби жетістіктері мен адал еңбегі үшін бір топ азаматтарды облыс әкімінің, қала әкімі грамоталары мен алғыс хаттарымен марапаттады. Олардың ішінде жуырда 90 жас мерейтойын атап өткен еңбек ардагері, ССКӨБ ардагері, қаланың құрметті тұрғыны Қасымқайыр Дүйсенбаев бар. Үздіксіз белсенді қызметімен, спорт саласындағы айтулы жетістіктерімен көзге түсіп, Рудныйдың атын биікке көтерген Сейдахмет Исмагұлов, Раиль Ахметов, Юрий Швырков, Анатолий Веклич құрметті тұрғындар тізімін толықтырды. Жиынға қатысқан басқа да азаматтар тиісті марапаттарына қол жеткізді.
Қауіпті індеттің салдарынан жиналыс шағын көлемде өтіп, қуанышты көңіл-күйді ортақтасар адам аз болса да, көптен көріспеген, қауышпаған жандар үшін бұл жиналыстың мәні ерекше болды.


Айнагүл ОСПАНОВА
Суретті түсірген Марат ҚАЛЖАНОВ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив