Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
19-04-2021, 16:38
180
0
19-04-2021, 16:36
268
0
» Жаңа балабақша пайдалануға берілді

Жаңа балабақша пайдалануға берілді

21.12.20
Автор: magnetit
Просмотров: 1 268
Комментариев: 0

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында қаламызда 310 орынға арналған «Жас бөбек» атты жекеменшік балабақша ашылды. Алғашқы жұмыс күнінде жаңа балабақшаға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов келіп, тәрбиешілермен кездесті. Мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігі арқылы пайдалануға берілген мектепке дейінгі тәрбие мекемесі кеншілер қаласындағы балабақша кезегін 20%-ға қысқартуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар, Рудный қаласының тұрғындары үшін 56 жаңа жұмыс орны ашылды. 


 Жоспарлы жұмыс сапарымен қаламызға ат басын бұрған Архимед Мұхамбетов балабақшамен толықтай танысып, өз бағасын берді. Сонымен қатар аймақ басшысы жыл сайын облыста әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлер қатары көбейіп келе жатқанын айтты. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігінің арқасында «Елена Д» ЖШС және оның құрылтайшысы Иван Марар ескі ғимаратты қалпына келтіріп, сапалы материалдық-техникалық құрылғы-жабдықтармен қамтамасыз еткен болатын. Жалпы осы бағытта облысымызда атқарылып жатқан жұмыстарға облыс әкімі арнайы тоқталып өтті.
– Балабақша жұмысын мемлоекет қаржыландырады, ал ата-аналар тек балалардың тамағына айына 12 260 теңге төлейтін болады. Қалған шығындарды жергілікті билік өтейді. Яғни, коммуналдық төлемдерді, тәрбиешілер мен басқа да мамандардың жалақысын, жиһаз-құрылғыларды, тіпті сына қалған жағдайда оларды жөндеу жұмыстарын да үкімет толықтай өз мойнына алып отыр, – деді Архимед Мұхамбетов.
Жаңа балабақшада мемлекеттік тапсырыс бойынша 265 бала тәрбие алады. Балабақша жұмысын мемлекет қаржыландыратынын аймақ басшысы нақтап өтті. Қазірге «Жас бөбек» жұмыс бастауға сақадай сай. Ғимарат ішіндегі төсек-орын, тамақтану бөлмесі, ойыншықтар мен жиһаздар балалардың пайдалы әрі қызықты білім мен тәрбие алуына дайын тұр. Жалпы, балабақша іші жарық, жылы әрі қолайлы екеніне шараға қатысушылар торлықтай көз жеткізді. Олардың арасында ата-аналар да бар.
– Балабақшаның үйдің жанында орналасқаны өте ыңғайлы. Біз мұны асыға күттік, балаларымыздың тәрбиелі, бақытты, дені сау, білімді болып өскенін көргіміз келеді, - деді 5 жасар Таймураздың анасы Рысты Керембаева. Биылғы жылы облыс бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерін дамытуға көп көңіл бөлінуде. Мәселен, желтоқсан кіргелі өңірде үш бірдей балабақша ашылған. Жалпы 2020 жылы Рудный мен Қостанай қаласында, сондай-ақ Қостанай және Б. Майлин аудандарында 7 жекеменшік балабақша, 6 шағын орталық пайдалануға берілген. Нәтижесінде биыл өңірде 1 жарым мыңға жуық балдырған балабақшаға орналасты. Кеншілер қаласына тоқталатын болсақ, Рудныйда бүгінде 20 балабақша жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, 37 мыңнан астам баланы қамтитын 16 шағын орталық бар.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет интернеттен алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив