Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Инвесбағдарлама

Инвесбағдарлама

01.11.19
Автор: magnetit
Просмотров: 348
Комментариев: 0

Инвесбағдарлама

Жөндеу жұмыстары жалғасуда

Қоржынкөл кен басқармасындағы жуынатын бөлме жаңарды.

 Қолайлы жағдай – сапалы жұмыстың кепілі. ССКӨБ көлемінде санитарлық-тұрмыстық орын-жайларды жөндеу бойынша бағдарлама жалғасын тауып келеді. Қазір Қоржынкөл кен басқармасында бұл жұмыстар қызу жүргізілуде. Басқарма ғимаратындағы төртінші қабатта ерлер мен әйелдердің жуыну бөлмесі толықтай күрделі жөндеуден өткен. Оның аясында бөлме-жайлардағы кабиналар корпоративтік түске еніп, раквиналар мен киім ауыстыруға арналған жүздеген шкафтар әкелінді. Жұмысшылар да өздеріне жасалған қолайлылықтарды жоғары бағалауда. Төртінші қабат ізімен бірінші қабатта да дәл осындай күрделі жөндеу жұмыстары жалғасты. Оны ағымдағы жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. «ССКӨБ» АҚ Қоржынкөл КБ ғимараттар мен құрылыстар бойынша инженері Кристина Жаниязованың айтуынша, душ қабылдау бөлмелері жобалық жөндеу жұмыстарына сай жөнделген. Ол санитарлық нормалардың, жобаның талаптарына жауап береді. Бұдан бұрын Қоржынкөл кен басқармасында болмаған әйелдердің душ қабылдау бөлмесі де пайда болды. 2020 жылда санитарлық-тұрмыстық орын-жайларды жөндеу бойынша бағдарламаға сәйкес екінші және үшінші қабатты толықтай жөндеуден өткізу жоспарланған. 2020 жылдың соңында басқарма ғимараты толықтай жаңа күйге енеді. Еденнен төбесіне дейін талапқа сай жөндеу жүргізілуі күтілуде. Мұндай іс-шаралар міндетті түрде басқа жұмыс орындарында да жалғасын табатын болады. Ол үшін барлық жағдай жасалған және алып бірлестік әрдайым қолдайды.


Ерғали УБАЙДУЛЛАЕВ


Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив